“Егемен Қазақстан” газетінің дизайны жаңарды. Бұрын мылжың имиджегі газетке жаңа модерн стиль бердік. Басты бетте текст аз, сурет көп. Басты айдарларды бөліп қойдық, оқырманға оқуға ыңғайлы болды деп ойлаймын.
http://www.egemen.kz
Бұл сайттың ашылғанына 4 ай толған жоқ, бірақ өзінің контингентін жинап үлгерді. Қолданушылар тіпті бірнеше кездесулер ұйымдастырып үлгерді.
Сайт – қоғамдық желі. Бәрімізге белгілі Фейсбук, Одноклассники, Моймир сияқты үлкен қоғамдық желілердегідей функцияларға ие. Басты ерекшелігі – микроблоггинг. Қолданушы өзіне ұнаған сурет, видео, жаңалықтарды лезде басқалармен бөлісе алады.
Кездесуге келіңіз, сонда кездесейік!
www.kezdesu.com
www.nurotau.kz
Нұр Отау сайтының дизайны жаңартылды. Дінтанушы Жеңіс Маткаримовтың басқаруындағы бұл сайттан діни тақырыптағы қызықты мақалалар, жаңалықтар оқи аласыздыр. Сондай ақ Жұма радиосы қызмет етеді, араб тілі және діни дәрістер беріледі. Дін тақырыбында сұрақтар қойып, жауап ала аласыз.
www.safiya.kz Алматы қаласындағы Сафия ательесінің сайты. Мұсылмандық үлгіде киінгісі келетін қыздар үшін пайдалы сайт. Сайттағы киім үлгілерін тамашалап, тапсырыс бере аласыз.
Қазақ интернеті неге дамымай жатыр? Осы сұрақ соңғы кезде мода болып кетті. Осы мәселемен түрлі семинар, ТВде бағдарламалар болып жатады. Ол жерде не деп шешкендерін білмеймін. Бірақ мен сіздерге өз вариантымды ұсынайын.
Мамандардың жоқтығы Иә, қарапайым ғана жауап. Мамандар жоқ бізде сайт жасайтын. Мен мысалы сайт жасаймын. Бірақ, мен осы істің маманы емеспін, мамандығым туризм болса да қолымнан дайын программа, скрипттермен жұмыс істеу, қазақшалау келетін болғандықтан осыны кәсіп қылып, өз бетіммен үйренушілерденмін. Танымал сайт жасаушылар Бақытнұр мен Жанарбек, атыраулық Марат пен Алмас та кәсіпқой вебмастерлер емес. Барлығы да өз ұлтын, тілін сүйетіндер. Энтузиасттар.
Жақсы хостинг болмауы Қазақстанда хостинг беруші компания көп. Бірақ көбісінің техникалық қолдауы нашар. Сайт ісіне қатысты көп скрипттер хостингке орнатылғаннан кейін автоматты түрде жұмыс істеуі керек. Бірақ хостерлер берген хостингтерінде көп нәрсеге тосқауыл қойып қояды. Сондықтан көп нәрсені қолмен жасауға тура келеді. Яғни көптеген скрипттерді біздің хостингтерге қою мүмкін емес. Мысалы жақында ашқан жобам Кездесу сайтын бастапқыда отандық серверде бастағам, сайтты сервер көтере алмады. Нәтижесінде ресейлік серверге көшіп кеттім. Жоғарыдағы пунктте айтқанымдай серверлерге де қарай алатын мамандар жоқ. Техқолдауға хабарласып хат жазсаңыз, жауап алудың өзі мұң.
Ақшаның барлығы Әдетте сіз бір жобаңызды көрсетіп жоғарыдағыларға барсаңыз ақша жоқ деген жауап аласыз. Құр сөзбен немесе сізге тегін хостинг берейік деген сөзбен шығарып салады. Шын мәнінде менің ойымша олай емес. Ақша жоқ емес бар. Ал ол ақша дұрыс жерлерге жұмсалмай отыр. Мысалы қазір соңғы күндері шу болып кеткен Қазконтентті алайық. Сайттарына кіріп көрсеңіз бүгінге дейін жасаған 3 жобалары бар екен. Bnews.kz және видео портал Kaztube, сосын сайттарға тегін хостинг беру жобасы. Алғашқы екі сайтты мүмкін естіген шығарсыздар, бірақ кірмейтіндеріңіз анық қой? Яғни танымал сайттар қатарына кіргізе алмайсыз. Соңғы жобалары интернетте көп айтылып, жақсы пиар жасалып жатыр. Тегін нәрсе болғасын әрине позитив қабылданады. Ал сіз осы АҚның сайтына кіріп Мемлекеттік сатып алу бөліміне кіріп 2010 жылға арналған сатып алу жоспарын қараңызшы. 2500тг тұратын доменнің өзіне 75 мың ақша бөлінген. Жоғарыда аталған 2 сайтты модернизациялау үшін 6 миллион, ал Ilike.kz деп аталатын қоғамдық желіге 35 миллион бөлінген. Осы сайттың пиарының өзіне 3 миллион, ақпараттық қауіпсіздік нормативті документтеріне 6 762 000, Техникалық қолдау қызметтеріне 9 миллион, эксклюзив видеоларға 3 750 000тг қаржы бөлінген. Басқа пункттерді өзіңіз қарап көріңіз. Айтайын дегенім былай білетін адамға бұл қызметтер мұншама ақша тұрмайтыны белгілі ғой. Мысалы ilike.kz деген сайтты мен қазір тегін пиарлап жатырмын, ал сіз бұрын естідіңіз бе? Әлде дайын емес пе әлі? Негізі жылдың басында айтып еді бұрынғы Ақпараттану және Байланыс агенттігінің басшысы “наурыз-сәуір айында алғашқы қазақстандық қоғамдық желі ашылады” деп. Қазір айлардан маусым, жаз болды көктем кетіп. Айтайын дегенім ақша бар, жұмсалып жатыр. Бірақ бұлар барлығы виртуалды, электронды болғандықтан істелетін қызметтерді қолмен көрсетіп дәлелдеу қиын. Бұл қаланып жатқан кірпіш емес, төселіп жатқан асфальт емес. Бұл виртуал!
Орыстық Сіз қазақтар ашқан ірі компьютер фирмаларын көрдіңіз бе? Ал хостинг компанияларын ше? Жалпы компьютер, ІТ саласында жоғары жақта орыстар. Осыған қатысты барлық жерде орыстар. Тіпті осы айналадағы түрі қазақтар да орыстар. Орысша сөйлеп, орысша ойлайтын адамды мен орыс деп санаймын. Бойында ұлтшылдық, намыс болмағасын бұлар ешқашан қазақ интернеті неге дамымай жатыр деп те ойламайды. Қазақша сайттар мәмбеттердің сайты сияқты болып тұрады. Жасай алатын болса да ешкім қазақша сайт жасағысы келмейді. Біз сияқты шамалы болса да тырысып жүргендерді кекетіп, мұқатып, мазақ қылуды ғана біледі. Қазнет деп KZ доменіндегі барлық сайттарды ойлайды. Ресейлік атақты дизайнер Артемий Лебедев былай дейді:
Рунет тек Ресей Федерациясының шекарасымен шектеліп қалмайды. Рунет – бүкіл орыстілді интернет.
Яғни біздің мәңгүрттер соншама ақша бөліп Қазақтың Қазнетін емес орыстың Рунетін дамытып жатыр. Мейлі домені com болсын, kz болсын, info болсын тілі орысша болғасын демек бұл Рунет.
Қортынды Жоғарыда айтқандарымды қортындылай келе менің қолымда болса былай істер едім: Қазақша сайттар жасап жүрген жігіттердің (Бақытнұр, Жанарбек, Алмас, Марат, Ерлан Оспан, Асхат Еркімбай) бәрін жинап бір жерге, бар жағдайды жасап, айтар едім “ептібайымайттар инетте бір біріңді көре алмай қырылыса бергенше, бірігіп бірнеше жоба жасаңдар қазақша” деп. Жұмыла көтерсек жүк те жеңілдеп, бірнеше тамаша жобалар ашылып Қазнет өзінің ана тілі қазақша сөйлей бастар еді.
Өткен апта 28-29 мамыр күндері Алматыда «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Қазақтілді БАҚ тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» атты екі күндік семинар-тренинг өткізді. Сол семинар-тренингке қатыстым және Кездесу.кз қолданушылары бір жерге жиналып, кездестік. Сол Кездесуді Асхат Еркімбай видеоға түсірген еді.
Ал фотолар мына жерде
Жақында Arhar.kz сайтына берген сұхбатым шықты. Оқымағандар болса осы жерден бөлісейін.
Шүкір, Қазақ интернетінің даму деңгейі жақсы. «Абай» порталы, «Аламан» спорттық порталы, «Намыс», «Замандас», «Қазақия кітабы», «Мінбер» сынды интернет ресурстар қазір көш басында. Соңғы жылдары интернет сайттарының дизайнын жасап көпшілікке танылып жүрген веб дизайнер Аршат Оразовпен сұхбаттасқан едік.
Сайттарға дизайн жасаумен қашаннан бері айналысып журсіз? Кайдан үйрендіңіз? Сайт жасаумен студент кезден айналысамын, дәлірек айтқанда 1999 жылдан бері. Өз бетіммен үйрендім. Ол кезде қазақша сайттар жоқ болатын, қазақша неге жасап көрмеске деген қызығушылықпен басталды. Ал негізгі мамандығым туризм және қонақүй менеджері. Бірақ кәсібім сайт жасау болып кетті. Толығырақ оқу »
Қазір кеңінен тарап келе жатқан Google Buzz (Тірі таспа – copyright Тупак Амару) лентасындағы жазбаларыңызды WordPress арқылы жасаған блог немесе сайтыңыздың оқырмандарымен бөлісіп, оларды да осы жаңа модаға қызықтырғыңыз келсе Google Buzz Er плагинін қолданыңыз. Плагинді қазақшаға аударып қойдым. Мысалы менің блогымда тұр, сайдбарда.
Түсіріп алу
Өткен апта іске қосылған соңғы жұмысымыз “Мұқағали журналының” сайтын Қазнеттегі танымал эксперт Ляхов өзінің “Горячие блины Казнета” жобасында атап өтіпті. Жәй ғана атап өту емес, басты блин ретінде яғни қара уылдырық қосылған блин ретінде көрсетіпті. Бұл Ерлан екеуіміз үшін үлкен мақтаныш. Сол қуанышымызды бөлісіп жіберейін дедім.
Иә, дизайн сәтті таңдалып, жақсы редакцияланды. Бірақ сайттың болашағы қалай болатынын білмеймін. Журнал басшылары интернеттен алыстау болса керек, басында сайт адресі mukagalijurnaly.kz болсын деді. Өйткені mail.ru-дағы адрестері сондай екен. Сосын дизайны ұнамай қалды, блокнот сияқты екен деді. Олардың ойынша Жасалаш, Айқын, Абай кизет сияқты “грандтардың” өткен ғасырда король болған PHP-Nuke стиліндегі шаблондарындай болуы керек екен. Біз доменді де қысқаша болуына және осындай дизайнды қалдыруға көндірдік. Енді тек ішкі контенті уайым болып отыр. Журнал редакциясы мазмұнына көп көңіл бөліп, алдағы уақытта Қазнеттегі пайдалы ресурстардың бірі болуын тілеймін.
Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев сәуір айында Қазақстандағы алғашқы қоғамдық желі ашылатынын мәлімдеген болатын. Шамамен 100 мың қолданушыға арналған бұл жоба 3 түрлі бағытта болмақшы. Атап айтқанда балаларға, сыныптастарға және қызығушылықтарына қарай 3 бөлімге бөлінбекші. Сонымен қатар ресейлік танымал пошта қызметі Mail.ru және осы жүйеге байланысты басқа қызметтер атап айтқанда Моймир қоғамдық желісі, Files.Mail.ru құжат алмасу жүйесі, Аудио, Видео және Фото бөлімдері бұдан кейін қазақстандық қолданушы үшін қолжетімді болмайтын болды. Қазақтелеком және басқа провайдерлер арқылы бұл қызметтерді пайдалану мүмкін болмайды. Бұның басты себебі ретінде Mail.ru басшылығына бірнеше рет ескертілгенімен пошта қызметінде қазақ әріптерінің оқылмауы болып отыр. Сондай-ақ өткен жылы осы қоғамдық желі арқылы ғаламторға тұлғалардың жеке өміріне нұқсан келтіретін және арандату мақсатынша шығарылған бейнематериалдар тарап кеткен болатын. Осылайша Mail.ru өз қолданушыларының 34 пайызын құрайтын қазақстандық қолданушыларынан айрылғалы тұр. Сонымен қатар интернет алпауыттарының бірі Google да өзінің қоғамдық желісін ұсынбақшы. Google осы жылдың басында Buzz деп аталатын микроблоггинг жүйесін іске қосқан еді, ол қазір танымал Twitter жүйесінің басты қарсыласы болып отыр.
Мұқағали журналының сайты ашылды. Көркемдік жағынан әдемі сайт болды. Бұл жерде Ерлан Оспанның еңбегі зор. Сайттың графикалық редакциясымен Ерлан айналысты. Сайт контенті өзім үшін ұнаған жоқ, Мұқағалиға арналған өлеңдерден гөрі ақынның өз шығармаларын оқуды тәуір көрер едім. Мүмкін алдағы уақытта журнал редакциясы бұл жағын да толықтырып қалар.
Адресі: www.mukagali.kz