»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Алдағы он жылдыққа жорамал
Желтоқсан 7, 2009 - Аршат

Алда 2010 жыл келе жатыр. Жаңа он жылдық басталады. Сол 10 жылдық ішінде Қазақстанда болатын кейбір жағдайларға өз жорамалымды ұсынбақпын. Нострадамустық болжамдар емес әрине, өзімнің жеке ойым.

Электронды коррупция
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрі пайда болады. Бұнымен күрес науқаны басталады сосын. Негізі қазір де мен ойлаған жолмен ақша істеп жүргендер бар шығар бірақ әлі дами қойған жоқ. Мұны дамытпай алдын алуға да болады. Жолдарын білемін. Бірақ әзірше ол ешкімге керек емес, яғни қазіргі жемқорлық азая бастаған кезде жаңа түрі біраз уақыт қолданылғаны біреулер үшін тиімді. Өйткені қазір коррупция азайды, күрес жүріп жатыр деп жатырмыз. Бірақ осы уақытқа шейін жейтіндер жеп қалды, сондықтан әрине күрес жүргізеді. Ал олардан кейінгі жас корруционерлер әлі жеп үлгерген жоқ. Сондықтан біраз уақыт электронды жемқорлық бола тұрады Қазақстанда. Ол қалай болады?
Қазір төлем терминалдары көбейіп келеді. Тек қана телефонға ақша салу емес, интернеттегі көптеген электронды шоттарға ақша салуға болады. Webmoney, Paypal сияқты электронды ақша жүйелері де дамып келеді. Міне осындай электронды ақшалар арқылы параны да электронды түрде алуға болады. Ал ол ақшаны қағаз ақшаға аударып алу да қиын емес. Электронды ақшаның үстіне көрінбейтіндей қылып “Взятка. Пара” деп те жаза алмайсың. Жалпы интернет арқылы жіберілген ақшаны пара ретінде дәлелдеу де қиын. Білетін адамға артын жауып отыру, мүлдем із қалдырмай алу да оңай. Сондықтан осыларға сүйеніп осындай жорамал айтып отырмын.

Терроризм
Қазақ діни сауатсыз халық. Аңқау елге арамза молда демекші қазаққа біреу дін туралы “лечить” ете бастаса қазақ соған сеніп қалады. Осындайлардың арқасында көптеген жастар әр түрлі секта, ұйым, жамағаттардың құрамында жүр. Бәрі өздерін дұрыспыз деп есептейді. Бірін бірі жамандайды. Осындайдың салдарынан менің ойымша болашақта діни бөлінулер басталады. Мысалы біреулер Яссауиді пайғамбар санап, халықты Түркістанға 3 рет әкеліп қажы атандырғысы келіп жүр. Әулие, әруаққа табыну бар. Аллаға емес емші-балгерге сенеді халық, нағыз үлкен ширктің ішінде жүр қазір қазақ. Нағыз шын мұсылмандардың үгіт-насихаттарынан гөрі терроризмге жақын ұйымдардың насихаттары басым сияқты. Біреулердің ойыншығы екендерін білмейтін бұлар қазір соғысқа дайындалып, террорға үйреніп жүр. Алғашқы нысаналары шетелдік компаниялар одан кейін ішкі істер, үкімет органдарына да шығатын шығар. Мақсат қоғамда үрей пайда болдыру, қорыққан халықты, үкіметке сенбейтін халықты басқару оңай. Қазірден бастап терроризмнің түп тамырымен құртпасақ кейін біз де терроры бар елдердің бірі болып кетуіміз мүмкін.

Гей-парад
Бұрынғыдай емес еркектерде қыз мінезділік, ұяңдық, нәзіктік көбейіп бара жатыр. Бұған ТВнің әсері көп. Жұрт солардан көреді, соған еліктейді. Шоу бизнестегі “жұлдыздарды” көріп “пидор” дегеннен басқа ештеңе ойламайсың. Тек қана шоу бизнесте емес мемқызметте де солай. Тек қана бұлар емес қарапайым халықтың ішінде де бар. Қысқасы “пидорлар” арамызда! Бұлар әрине қазір өздерін афиша қылмайды. Бірақ Ресейдегі оқиғалар кеш болса да бізге келеді. Біреулер өзіне жарнама үшін, біреулер өз беттерімен, біреулер шантаждың кесірінен гомосексуалист екендерін мойындай бастайды. Халық та бұған түсіністікпен қарайтын болады, қазақ сондай ғой, біреуге аяушылықпен қарауға шебер халық. Алматыда алғашқы гей-парад туралы әңгімелер бастала бастайды. Әрине бұған көпшілік наразылықтарын білдірсе де оқиға жарнамаланады, гейлер мойындала бастайды.

P.S әрине әр түрлі тақырыптарда жорамал көп қой. мен тек мені қатты мазалап жүрген басты тақырыптарды жариялауды жөн көрдім.


20 пікір  
  • Нұрғиса:
    7 Желтоқсан 2009 - 13:56

    2060-2070 жылдар. Елде мұнай қоры түгеседі. Мұнайдоллардан жасақталған тұрақтандырушы қордағы қаражат та талан-таражға салынып, арты талай тартыс-таласқа әкеліп соқтыруы ықтимал. Ғылыми-новаторлық әлеуетті мықтамаса қуырдақтың көкесін сонда көріп қалу әжеп емес. Экономикалық өрлеуді толықтай шикізат және мұнайға тәуелдендіріп қою арқылы тәуекелді де еселендіріп жібереміз. Су қоры мен экологиялық сафтық мәселелері аса өткір болады. Елдің батысының біршама бөлігін экологиялық ұтымдылау аймақтарға көшіру маңыздылығы күрт аса түсуі ықтимал. Күллі ғаламды инфекция мен жұқпа аурудың небір гибридтелген құбыжық нұсқалары шарпиды. Көп ретте оны тыңшы ұйымдар тарататын болады, тиісінше, артынша ем-дәрумен вакцинаны миллион-миллион ақшаға саудалайтын болады. Әлемдегі ресурстық қорлар сарқыла бастау нышанына байланысты озбырлау болып кету қаупі бар. Әлемді билеушілер қатарына аждаһа да қосылады. Өзіне қоңсыластардың жеріне көз тігуді былай қойып, аздап тіс батыру тактикасы да батыл қолданылуын жоққа шығармау керек. Демографиялық серпін мен білім-ғылымдағы қауқар-қабілетті мықтамайынша бәсекелестік нарығында позициялар әлсірей беретін болады…

  • Алмас деген біреу:
    7 Желтоқсан 2009 - 15:12

    Е, газиттердің де мәтіні өзгеретін болар?.
    Мәселен, пәлен деген мекеменің бастығын екі мың ВМЗ көлемінде пара алу устінде виртуал полиция қолға түсірген. Сот материалдарды сараптай келе реал және виртуал мүліктерін тәркілеп, бес жылға бандаған, деген сияқтыларды оқып таң қалмайтын болармыз.

  • Нурик:
    7 Желтоқсан 2009 - 16:06

    Ресей, Белоруссия, Қазақстан – “Кедендік” одағының арты, алдымен Қазақстан нарығын жаулап алып, одан елің соғыссыз-ақ өзіңе қосып алғаны туралы, қазақ тілді интернет жоғалғаны жайлы, ештеңе жазбапсың ғой…

  • Аршат:
    7 Желтоқсан 2009 - 16:09

    қазақ тілі, интернеті туралы ештеңе жазғым келмеді. түбі 50 елдің қатарында болатынымыз анық. бірақ сол кезде әлемде неше мемлекет болатыны белгісіз және біздің кімнің құрамында болатынымыз :)

  • Алмас деген біреу:
    7 Желтоқсан 2009 - 23:41

    Қалай жазсаң да, Арчи, -”Қазақстаның болашығы бұлыңғыр,”- дегің келіп тұр ма деп қалам. Тіпті анау сүгңреттегі төнелдің арғы жағынан сібет көрінбейді екен.

  • Тупак Амару:
    8 Желтоқсан 2009 - 16:49

    Есесіне төбеден жасанды нұр шашып тұрған сібеттер жетерлік екен :)

  • Аршат:
    8 Желтоқсан 2009 - 16:59

    төбемізден әлі ұзақ уақыт Нұр шашады бырат :)

  • Тупак Амару:
    9 Желтоқсан 2009 - 9:41

    Соны айтам. Нұрды ұзақ шашатыны сонша, төнелдің арғы жағындағы сібеттің де керегі болмай қалады :)

  • Altygradus:
    9 Желтоқсан 2009 - 21:51

    wahaha
    tubi 50 eldin ishinde desh:))
    alemdegi integracia processyn eskersek shynymende:))

  • aral53:
    13 Желтоқсан 2009 - 22:00

    Лаңкестік-терроризм туралы жақсы айтқан екенсіз. Оған қосарым – психолаңкестік деген ұғым бар. Күнделікті теледидардан зорлық, зомбылық көрсету де осы амал. Соның әсерінен жастарымыз басқа дінге кіруде. Бұған қарсы амал ойластырмаса болмайды.

  • Аршат:
    13 Желтоқсан 2009 - 23:31

    Діни сауатсыздық туралы айтқаным сол ғой, кімнен бірінші болып ақпарат алса дін туралы соның жетегінде кетеді жастар. Батыстағыдай алдымен барлық діндер туралы оқып, ақпарат алып сосын барып таңдау жасау жоқ қой бізде.

    ТВ жалпы медианың қандай екені туралы Бишара балдар деген рок группаның бір әні бар. Әннің аты – Қотақты жеме. Сөздері мынадай:

    Телевизор қарама
    Радио да тыңдама
    Газетті де оқыма
    Олар сені алдайд
    Қотақты жеме

    Барлық нәрсенің пропагандасы осы ТВ арқылы істелінеді, осыны қолдаушылар ғой интернетті күш ретінде іштей мойындап, құрықтағысы келіп жүргендер.

    Бірақ топас қоғам солай топас болып қала бермек. Солай болғаны тиімді әрине біреулер үшін. Жуас малды басқару оңай…

  • Жазира:
    14 Желтоқсан 2009 - 14:44

    Дегенмен жақсылықтан күдер үзбейік! Сөздеріңізге қарағанда ақырзаман орнайтын сияқты ғой! Туылғаныма өкініп қалып жүрмейін!

  • Жұмыссыз жалқау:
    18 Желтоқсан 2009 - 22:56

    2012 жыл. 20 желтоқсан.
    Адамзат Мая тобының күнтізбесіндегі соңғы күн 20 желтоқсан жұма күнге де келіп жетті. Планета толқулы. Мұсылмандарда ақырзаман жұма күні болады делінген, сенім туралы айтудың өзіне де лаж жоқ.
    Барлығы бірдеңені күтетіндей…
    Өлі тыныштық…
    Бетсіздер мен беттілер сыбыр сыбыр күбірлеп, істеген күнәларынан кешірім сұрап жатыр…
    Дінсіздер мен адасқандар, шайтан типтестер мен басқа дін өкілдері кейпіндегі адамзат балалары сабырсызданып жүректерінің соғыстары құлақтарына кеп тұрғандай тыныш демалыс…

    ……………………………………………………………………………………………..
    Таң атып, ұйқыларынан тұрған пенделер шай іше алмады. Свет жоқ. Көліктері қызбайды, жоқ тіптен қосылмайды.
    Ештеңе қосылмайды. Бір көзді шайтан телевизор тек қана қара жалпақ шөлмек боп тұр.
    Самолет ұшпайды, лифт жасамайды. Ұялы телефондар тұрмақ городскойда да сыбыс жоқ.
    Әлем тек өзімен жекпе жекке қалды, себебі әлемді өзіне мұқтаж етіп алған теріс және оң зарядтың терісі өмірден өтіп кеткен.
    Май шамың барма еді, Егінші?

  • Айгерім:
    28 Желтоқсан 2009 - 15:58

    Аршаттың болжамынан кейін жүрегім түршігіп кетті,, Ал, Жұмыссыз жалқаудың болжамына шек жоқ – тұнып тұрған Нострадамус.
    Дегенмен, жақсы сөзге, оң болжамдарға сараң болмаңыздар. Тіршіліктің құпиясы – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТА. Айтқан сөз эхо іспетті – қайтып келеді өзімізге. Абай болайық,,,

  • CR:
    29 Маусым 2010 - 15:40

    Сенің блогыңдағы бейәдеп сөздерден жүрегім айнып отыр, рас айтамын…

  • Аршат:
    29 Маусым 2010 - 15:42

    біреу қинап кіргізіп оқытып отыр ма?

  • Саяжан:
    2 Қараша 2010 - 8:22

    Geilar demekwi ozimizdin aramyzda jur.Jiirkeniwti

  • maryam:
    1 Желтоқсан 2010 - 14:22

    Жақсы сөз жарым ырыс дейді қазақ. өз басым баламның болашағы жарқын болатынына сенемін. Аллаһтан үміт етемін!

  • chodialic:
    15 Наурыз 2011 - 8:12

    защо не:)

  • Нұржол:
    3 Қыркүйек 2011 - 21:39

    Электронды коррупция заманы келіп тұрған соң, болары хақ. Оның үстіне, бұндай қызмет түрлерін шет елдік орталықтар көрсететіндіктен, сол елдердегі алаяқтар біздің елдегі қарапайым қолданушыларды сан соқтырмаса болғаны. Жалпы, эл. коррупция орынды идея екен.
    Терроризмді құдайдың құтты күні айтып жатады. Адамның өмірдегі бары оның санасы мен жүрегі. Осылар арқылы әрекет жасайды. Дурные мысли, дурные поступки демекші, пиғылы дұрыс емес адам өзі мәнді өмір сүре алмағанымен қоймай, айналасына дұрыс өмір сүргізбей қоюы мүмкін екендігін қырсықтық заңына кірістіруден басқа амал жоқ.
    Демократия-адамзат таңдауы болған сәтті саясаттардың бірі болар. Тек, әр жақсыны шектен асырып жіберсе, түбі жақсылық әкелмейді. Ердің – қатынға ұқсауы, қатынның – еркекке ұқсауы заманақырдың белгісі деп мәссаған сайтындағы форумнан оқыған едім. Осы пікірге қосыламын.


Пікір жазу

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым