»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Бізден үйрену керек!
Ақпан 18, 2010 - Аршат

Ойлаймын да осы біз басқа елдерден мықты сияқтымыз, олардан тапқыр, олардан пысық сияқтымыз. Неге басқалар бізден үйренбейді екен? Мысал ретінде кейбір тақырыптарды айта кетейін.

Шетелдік газеттердің штатында көп журналист болады. Әр қайсысының жеке тақырыбы бар жазатын. Ал бізде журналистер универсал! Кез келген тақырыпта жаза алады. Тек редактор бұйырса болды. Тіпті қыздар спорт тақырыбында да жаза алады. Журналистиканы бізден үйрену керек!

Шетелдіктер спорттық жарыстарға қатты дайындалады. Бірақ спортшылардың бәрі медаль ала бермейді ғой, тіпті мүлдем ала алмауы мүмкін. Босқа олардың дайындығына ақша құртқанша ұйымдастырушы жақтың бір адамына сый-сыяпат беріп, спорттық болмаса да басқа жетістіктен біздің мықты екенімізді жария етуін өтінуге болады. Мысалы спорттық киімдерің жұрттікіне қарағанда жынды екен деп айтса, оның өзі үлкен дәреже емес пе? Спортты басқаруды бізден үйрену керек!

Біреулер дүниенің бар қызығынан баз кешіп, дін жолына түседі. Дұрыс-ақ. Бірақ намаз оқымай ақ та мұсылман бола беруге болады ғой. Ниетің түзу болып, жүрегің таза болса болды емес пе? Күнәлар болып жатса, анда санда мешітке соғып садақа тастап, типа сатып ала салуға болады ғой сауапты. Мұсылмандықты бізден үйрену керек!

Рэп музыка ұнатасыз ба? Мен ұнатамын. Әрине тек өзіміздің отандық рэп тыңдаймын. Жақында шетелдік бір рэп тыңдадым. Боқ! Гаста айтқандай мұңайған боқ! Судырлатып оқыды да шықты. Ау көке, шамалы лирика қоспайсың арасына? Құр оқи бермей кәдімгі романтикалық ән, поп музыка элементтерін қосу керек қой. Орындаушының атына қарадым, алдында МС атағы жоқ екен. Әрине, мұндай атақты алу оңай дейсің бе, көп еңбектену керек, біздің рэперлер сияқты. Рэпті бізден үйрену керек!

Шетелде идеяға көп ақша төленеді екен. Иә, кәдімгі адамның басындағы ойға, идеяға. Қызық әй, босқа ақша төлеп не керек? Идея жоқ болса жұрт не шығарады соны шамалы түзетіп, көшіріп ала қоюға да болады ғой. Талай тележобалар шығарған жоқпыз ба мысалы? Идеяны бізден үйрену керек!

Түріктердің ТРТ деген мемлекеттік каналы Олимпиаданы көрсетіп жатыр. Бірақ түріктер олардың көрсеткен бейнесі анық емес, комментаторлары нашар деген сылтаулармен басқа арналардан қарауда ойындарды. ТРТ мұндай оңбағандарды патриоттыққа үйрету мақсатында елде көрсетіп тұрған барлық шетелдік каналдарды Олимпиада біткенге дейін жауып тастауы керек еді. Бізде солай, ақшасын төлеп қойсаң да кабельдік телевидениедегі Олимпиада көрсететін каналдарды қарай алмайсың. Патриоттықты бізден үйрену керек! Нақты!


13 пікір  
  • өрімтал:
    18 Ақпан 2010 - 17:34

    Дұрыс, сайт жасауды да бізден үйренсін! Өзге елдің министрлері де блог бастауды біздікілерге қарап үйренсін! :)

  • Gastarbaiter:
    19 Ақпан 2010 - 1:20

    Сосын әлдебір бізге қатысы жоқ оқиғаны талқылап жер жебіріне жеткізу мен тезек қайнатуды да бізден үйренсін!

  • Ақзере:
    19 Ақпан 2010 - 10:40

    Cоңғысын түсінбедім )))

  • Аршат:
    19 Ақпан 2010 - 10:43

    түсіну үшін кабельныйдағы спорттық каналдар Спорт1 мен Спорт2-ны үнемі қарап жүруің керек :)

  • Нұрберген Мақым:
    19 Ақпан 2010 - 13:03

    …Умберто Эконың “Ішкі рецензиялар” дегенін жазбасын, есіме түсіріп отыр мынауың :) )))))
    Постарының басым көпшілігінің басын журналистикамен ашып, ақырында, пост жазуға итермелеген субъективті мәселеңді көрсетіп кететін сияқтысың, амиго! :) )))))))))

  • Аршат:
    19 Ақпан 2010 - 13:12

    қазақ журналистикасы менің тәбетімді ашатын сүйікті асым! гыгыгы

    түнде биатлоннан келген медальдың қуанышын таңертең тұра сала тағы жалғастырайын деген оймен барлық каналдарды қарап шыққам, басты жаңалық ретінде бәрі шулап жатқан шығар деп.

    Қазақстанда тұрып жатқанымды, бізде “Жаңалық” сөзінің түбірі “жаңа” сөзі қазақ журналистикасында мәнін жоғалтқанын есіме алмаппын. аңқаулық қой а менікі? :)

  • Cәкенcпб:
    20 Ақпан 2010 - 1:14

    Стамбулда қар түскен күні, әр канал осыдан шоу жасап жіберді ғой. қаланың әр түкпірінен бір-бір журналист репортаж беріп жатты. прямой репортаж. бірісі пробка туралы, бірісі кішкентай балалардан интервью, бірісі базардағы саудагерлермен сұхбаттасып жатты. бәрі қар туралы. қандай қызық болды. бұл тек журналисттер емес, үлкен команданың жұмысы, әсіресе редактордың. сонда ойлағанмын “вот саған уровень, ресей каналдары қалай қалып қойған” деп. біз бәріміз бірміз ғой енді. СОВОКПЫЗЗЗ короче

  • Amandyk:
    20 Ақпан 2010 - 15:04

    kizik sipattamalar eken.En birinshisi en durisi bolar.bizderde kalam ustagandardin bari universalgoi aiteur…

  • Нұрғиса:
    21 Ақпан 2010 - 22:52

    Спорт 1 мен екіні Олимпиада уақытына эфирлік желіден ығыстрғандары қызық болды. Басқа елде осылай “жергілікті үлесті” (біздің мысалда “казахстанкое содержание”) қызғыштай қору жағдайлары ұшыраса ма екен? Апта соңында футбол қарап, бір тынығушы едік, ол ләзаттан да айырылып отырмыз. Олимпиданың тезірек біткенін қалау да бір түрлі, ақылға сыйымсыздау дерт, былай қарасаң…

  • Аршат:
    22 Ақпан 2010 - 8:18

    Хабардан зайып алып отырмыз әйтеуір. Олимпиаданың тезірек бітуін күтіп жүрмін шынымды айтсам, футбол маңыздырақ сияқты.

  • Маратхан:
    28 Ақпан 2010 - 2:40

    Бәрінің түп тамырында сыбайлас жемқорлық жатыр, әйтпесе, талантты редактор да, білімді журналист те бар-ау…

  • Aikona:
    1 Наурыз 2010 - 9:59

    Дін туралы пунктыңыз ұнады.

  • Біреу:
    30 Желтоқсан 2010 - 11:18

    Жемқорлықты да бізден үйренгендері ЖӨН Сияқты.


Пікір жазу

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым