»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Дизайнын кейін өзгертіп тұруға бола ма?
Қар 23, 2009 - Аршат

Клиенттердің көбі осы сұрақты қояды.

Яғни біраз уақыт өткеннен кейін сайттың дизайнын өзгертіп, сайтта өзгерістер жасағысы келеді. Мысалы түстерін немесе фонын өзгерту, меню, блоктардың орнын ауыстыру, жаңа функциялар қосу, тағы басқа өзгерістер…

Дизайнды өзгертуге әрине болады. Бірақ мен толығырақ бұл сұраққа мысал-сұрақпен жауап берейін:

Сіз мәселенки үй салдырдыңыз делік. Толық дайын болғаннан кейін салушыға ақысын төлеп шығарып саласыз. Кейін сол үйге жаңа өзгерістер істегіңіз келсе, өзіңіз істей алмайтын болғасын сол бұрынғы салушыны немесе басқа құрылысшыны шақырасыз. Ол істеп береді. Бірақ тегін істей ме? Яғни бұл еңбек болып саналады ма саналмайды ма?

Хостинг деген не?
Қар 17, 2009 - Аршат

Әдетте сайтқа тапсырыс берушінің қоятын сұрақтарының бірі: “Хостинг деген не зат?”

Техникалық емес қарапайым тілде түсіндіріп көрейін. Мысалы сіз бір дүкен немесе бутик ашқыңыз келеді. Ашу үшін алдымен орын керек, яғни бір сауда орталығынан арендаға жер аласыз. Сол жер үшін ай сайын немесе жылына бір рет ақысын төлейсіз. Өйткені ол сіздің жұмыс орныңыз немесе заттарыңыз тұратын, сақталатын жер. Ол жердің үлкен бола ма кішкентай бола ма көлемін өзіңіз анықтап алып сәйкесінше жер іздейсіз. Егер болашақта сыймай бара жатса, кеңейту жолдарын іздейсіз. Хостинг те дәл сондай. Сіздің сайтыңыздың интернеттегі орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол информацияның қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді. Ақысын ай сайын немесе жылына бір рет төлейсіз. Хостинг пен қатар домен сөзін де естіген шығарсыз, бұл екеуі әдетте қатар жүреді. Домен ол сіздің сайтыңыздың атауы. Яғни сайтыңыздың атын тіркеуден өткізіп, бұл үшін де жылына бір рет ақшасын төлейсіз. Қазір көптеген хостинг компаниялары 12 айға хостинг ақысын төлесеңіз доменіңізді тегін тіркеп береді.

Сайт жасау қанша тұрады?
Қар 13, 2009 - Аршат


Маған ең бірінші қойылатын сұрақтардың бірі: Сайт жасау қанша тұрады?

“Бір миллион” дегім келіп кетеді.

Ал шыны керек сайтты 10 мыңға да 1 миллионға да жасауға болады. Бағасы күрделілігіне және көлеміне қарай өзгереді әрине. Мысалы үй салғызатын болсаңыз, “Қаншаға салып бересіз?” деп сұрасаңыз құрылысшының көзінше ақымақ болып көрінеріңіз сөзсіз. Мен үшін де солай, сондайсыз. Сондықтан алдымен қандай сайт керек екенін анықтап алып, сұрау керек.

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым