
Жылдың цитатасы: өкінішке орай адамдарды цитаталап жүрмеймін көп
Жылдың үздік сайты: Google әрине
Жылдың ең үздік танысуы: Нұрберген Мақым мен Гастарбайтерді живойлай көріп, танысқаныма қуаншытымын
Жылдың үздік тағамы: жоқ
Жылдың үздік сусыны: Верони деген лимон қосылған минералка бар, сол жақсы
Жылдың үздік әсері: Әкелік сезімі. Соңғы 2 жылдағы ең үздік сезім. Әке болу – жауапкершілік. Ал баланың сені кім екеніңді, атақ-дәрежең қанша екенін, ақшаң қанша екенін, ештеңені білмей сені тек әкесі болғаның үшін жақсы көруіне ештеңе жетпейді.
Үздік кеш: Атыраудағы студент кезде бірге оқыған достарым маған қонаққа келген күн. Өкінішке орай мұндай күндер тек жылына бір ақ рет болады.
Осы жылда ашылған қызығушылық: Веб саласында бұрын істегендерімнен де күшті қылып істегім келеді. Осы болар қызығушылық.
Орындалмаған арман: армандамаймын тек реал нәрселерді жоспарлаймын.
Орындалған арман: армандамаймын тек реал нәрселерді жоспарлаймын.
Жылдың ең үздік орны: Биыл ашылған МЕГА сауда орталығы. Ішінде балаларға арналған үлкен ойын салоны бар, фастфудтың неше түрі бар, үлкен супермаркет және т.б пайдалы нәрселер.
Рухани өзіндік жаңалық: Интуициямды басқаруды үйреніп келе жатқан сияқтымын.
Үздік әнші: жоқ
Үздік ән: Көкжалдар мекені сериалындағы Мематидің әні
Үздік фильм: “Көкжалдар мекені – Тұзақ” сериалы әрине
Үздік актер/(актриса): Мемати роліндегі Гүркан Уйгун (Gürkan Uygun)
Үздік кітап: ешқандай кітап оқыған жоқпын
Ең керемет күн: Ақтөбе футбол командасы чемпион болған күн әрине
Жылдың әділетсіздігі: Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй ала алмай қалғаным
(просто уәде етіп қойып ед та жоғардағылар)
Ең керемет адам: менің ұлым әрине
Жылдың сыйлығы: “Ақтөбенің” “тобылды” 5-2 жеңуі. Чемпиондық та Еуропадағы сәтті ойындар да мұның жанында түк те емес. Бастысы қостанайдың “тобылын” 5-2 есебімен рахаттанып жеңдік. Бұдан кейін алаңсыз өле беруге де болады.
Керемет жаңалық: жылдың сыйлығы
Актобе – Тобол
Эстафетаны Ақзере қарындастан алып, салтанатты түрде Нұрғиса деген құрдасыма ұсынамын.