»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Даналық емес пе?
Нау 26, 2010 - Аршат

Ескерту: контентте бейәдеп сөздер бар.

166-[1]202200812742_2454

Жабайы жерлерде, тропикалық аралдарда әйелдер жартылай немесе толықтай жалаңаш жүреді. Әйелдің кереметтеріне қызыққан еркек сол бойда таңдаған әйелінің қасына барып, құмарын қандыра алады. Ешқандай моральдық тиым жоқ – жынды қояндай бүкіл аралмен сігісіп шықсаң да мейлі.

Шариғатты ұстанатын елдерде мұндай жоқ. Әлдеқандай Казанова пайда бола қалған жағдайда да өмірі ұзақ болмайды – не қолын не тасағын кесіп тастайды. Азғындық үшін емес жәй ғана некесіз секс үшін таспен атқылап өлтіріп тастаулары мүмкін. Әйелдер жабық киініп жүреді ол жақта. Басқа еркектер оның денесін, оның емшегін, оның көтін көре алмайды. Ақылға сиымды: сігісуге болмайды, қызықтыратындай ешкім жалаңаш денесін көрсетіп жатқан жоқ.
Толығырақ оқу »

Мемати
Ақп 23, 2010 - Аршат

Мемати Көкжалдар мекенінде алдымен Сүлейман Чакырдың, кейін Полат Алемдардың оң қолы. Туған кезде шешесі қайтыс болғасын әкесі атын Мемати деп қойған. Араб тілінде Мемат – өлім деген мағынада екен. Кинода Мемати ешкімді аямайды, қиналмастан өлтіре салады. Көше ережелеріне берік, сол ережелермен өмір сүреді. Осы Мемати шын өмірде кім?
Толығырақ оқу »

Бізден үйрену керек!
Ақп 18, 2010 - Аршат

Ойлаймын да осы біз басқа елдерден мықты сияқтымыз, олардан тапқыр, олардан пысық сияқтымыз. Неге басқалар бізден үйренбейді екен? Мысал ретінде кейбір тақырыптарды айта кетейін.

Шетелдік газеттердің штатында көп журналист болады. Әр қайсысының жеке тақырыбы бар жазатын. Ал бізде журналистер универсал! Кез келген тақырыпта жаза алады. Тек редактор бұйырса болды. Тіпті қыздар спорт тақырыбында да жаза алады. Журналистиканы бізден үйрену керек!

Шетелдіктер спорттық жарыстарға қатты дайындалады. Бірақ спортшылардың бәрі медаль ала бермейді ғой, тіпті мүлдем ала алмауы мүмкін. Босқа олардың дайындығына ақша құртқанша ұйымдастырушы жақтың бір адамына сый-сыяпат беріп, спорттық болмаса да басқа жетістіктен біздің мықты екенімізді жария етуін өтінуге болады. Мысалы спорттық киімдерің жұрттікіне қарағанда жынды екен деп айтса, оның өзі үлкен дәреже емес пе? Спортты басқаруды бізден үйрену керек!

Біреулер дүниенің бар қызығынан баз кешіп, дін жолына түседі. Дұрыс-ақ. Бірақ намаз оқымай ақ та мұсылман бола беруге болады ғой. Ниетің түзу болып, жүрегің таза болса болды емес пе? Күнәлар болып жатса, анда санда мешітке соғып садақа тастап, типа сатып ала салуға болады ғой сауапты. Мұсылмандықты бізден үйрену керек!

Рэп музыка ұнатасыз ба? Мен ұнатамын. Әрине тек өзіміздің отандық рэп тыңдаймын. Жақында шетелдік бір рэп тыңдадым. Боқ! Гаста айтқандай мұңайған боқ! Судырлатып оқыды да шықты. Ау көке, шамалы лирика қоспайсың арасына? Құр оқи бермей кәдімгі романтикалық ән, поп музыка элементтерін қосу керек қой. Орындаушының атына қарадым, алдында МС атағы жоқ екен. Әрине, мұндай атақты алу оңай дейсің бе, көп еңбектену керек, біздің рэперлер сияқты. Рэпті бізден үйрену керек!

Шетелде идеяға көп ақша төленеді екен. Иә, кәдімгі адамның басындағы ойға, идеяға. Қызық әй, босқа ақша төлеп не керек? Идея жоқ болса жұрт не шығарады соны шамалы түзетіп, көшіріп ала қоюға да болады ғой. Талай тележобалар шығарған жоқпыз ба мысалы? Идеяны бізден үйрену керек!

Түріктердің ТРТ деген мемлекеттік каналы Олимпиаданы көрсетіп жатыр. Бірақ түріктер олардың көрсеткен бейнесі анық емес, комментаторлары нашар деген сылтаулармен басқа арналардан қарауда ойындарды. ТРТ мұндай оңбағандарды патриоттыққа үйрету мақсатында елде көрсетіп тұрған барлық шетелдік каналдарды Олимпиада біткенге дейін жауып тастауы керек еді. Бізде солай, ақшасын төлеп қойсаң да кабельдік телевидениедегі Олимпиада көрсететін каналдарды қарай алмайсың. Патриоттықты бізден үйрену керек! Нақты!

Сатыбалдымен сұхбат
Ақп 5, 2010 - Аршат

Қазақ интернетінің танымал тұлғаларының бірі Сатыбалды Кербабаевпен сұхбат.

- Алдымен агент кетті, моймир кетті, бәз біреулер блогосферада пікірлеріңнің де өзгергені туралы айтады. Есалаңдардың соғыс бастауына осы себеп пе?

- Енесстің, Нақу ақынның “жау жоқ деме – бетономешалканың ішінде” дейтіні рас екен нақ, сау болып айтқасын мән бермеппіз. Себебі, типінақ, мен Дәруішөлген сайтын енді ашылмайд дегенім үшін тастары сыздапты, әжесстер.
Ал Мой Мирдің неге кеткені туралы жеке өзіңе айтқанмын, жарияламай-ақ қояйық.
Толығырақ оқу »

Полат Алемдардың еврейлерге шабуылы
Қаң 22, 2010 - Аршат

Жақында Ақзеренің блогында түрік сериалдары және “Көкжалдар мекені” сериалының еврейлермен конфликті туралы мақала жарияланған еді. Сериалдың фанаты ретінде осы оқиғаның қалай болғанын және фильмді жасаушы Panafilm’нің баяндамасын сіздермен бөліскім келді.

“Көкжалдар мекені Тұзақ” сериалының 75-ші сериясында Полат Алемдар Мематидың ұлын құтқару үшін израиль елшілігіне шабуыл жасайды, “Бұл жер басқа мемлекеттің жері. Бұл істегеніңіз соғыс қылмысы” деген еврейге “Соғыс қылмысын тек сіздер ғана жасау керексіздер ме?” деп жауап беріп, атып тастайды.

Осы көріністің видеосы:

Толығырақ оқу »

2010-ға журналистік шаблондар
Қаң 14, 2010 - Аршат
Журналистер мақалаларын тапсыруда

Журналистер мақалаларын тапсыруда

Қазақша газет-журнал оқымаймын. Оқып болдым өйткені. Не жазатындары бұрыннан белгілі. Ол шаблонды бұрынғы журналист ұрпақ жасап берді, кейінгі жас журналистер оны сәтті жалғастырып келеді. Ал кейбір жас журналистер бұл шаблонды көрмеген болуы мүмкін, ізденісте болуы мүмкін, жазатын тақырып таба алмауы мүмкін. Сондықтан белгілі шаблондарды және осы жылы болып қалуы мүмкін оқиғаларды алдын ала болжай отырып журналистерге арналған шағын тақырыптар тізімін жариялағым келіп отыр. Бұл тақырыпты көптен бері жазғым келіп жүрген, Нұрберген Мақымның блогындағы бүгінгі мақаладан кейін одан сайын жазғым келіп кетті. Біздің қазақ журналистер қазақ, қазақтық және қазақ тіліне қатысты жазса редактордан және оқырманнан үлкен респект алатынын біледі, сондықтан осы тақырыптарда жазылады көбінесе.

14 ақпан Ғашықтар күні.
Бұл тақырыпты жазбаған журналист өзін өзі сыйламайтын журналист. Міндетті түрде жазу керек бұл мейрам бізге жат деп. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу бар емес пе ептібайымайттар ау дегенді де қосып қою керек.
Толығырақ оқу »

Желтоқсан оқиғасының белгісіз суреттері
Жел 15, 2009 - Аршат

Азаттық радиосының сайтында Желтоқсан оқиғасының белгісіз суреттері слайд ретінде жарияланған екен. Көрмегендер болса көріп, осы оқиғаны, осы оқиғаға қатысқандарды, құрбан болғандарды еске алсын деп бөлісуді жөн көрдім.

Көтриоттарға ішкізетін у
Жел 11, 2009 - Аршат


Замандас сайтындағы Ермек Тұрсыновтың (Келіннің режиссері) интервьюін оқыдым. Көптен бері мұндай қызық сұхбат оқымаған шығармын. Айтқан сөздеріне риза болдым. Иә, кино тұрғысында мәмбетпін. Оны Ақзеренің жазған пікіріне жауап ретінде айттым. Бірақ, киноны неге соншама скандал қылып шулағандарын түсінбеген едім. Шу көтерген көтриоттарға (copyright Gastarbaiter) режиссер жақсы жауап берген екен. Үзінділер:

Сынап, шу көтергендер туралы:

мә­селенің басын ашып ала­йық­шы: тыйым салған кімдер? Тө­ре­­ші­лер ме? Неге олар бас­қа­лардың аты­нан шешім қабыл­дай­ды? Олар­ға мұндай құқықты кім бер­ді? Өйткені кинотуынды жайлы оң пікірлер де жоқ емес. Тіп­ті олар­дың саны басым. Мы­сал­ы, біз­дің еліміздің атынан осы кар­­ти­наны халықаралық жүл­деге ұсынған ҚР Оскар комитеті бар. Бұл комитеттің мүшелері кім­дер? Са­тыбалды Нарымбетов, Асан­әлі Әшімов, Баурыжан Нө­гербек, Гүл­нара Әбікеева және бас­қа да аза­маттар. Сонда олар­дың бәрі то­пас, азғындар ма?

Толығырақ оқу »

Алдағы он жылдыққа жорамал
Жел 7, 2009 - Аршат

Алда 2010 жыл келе жатыр. Жаңа он жылдық басталады. Сол 10 жылдық ішінде Қазақстанда болатын кейбір жағдайларға өз жорамалымды ұсынбақпын. Нострадамустық болжамдар емес әрине, өзімнің жеке ойым.

Электронды коррупция
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрі пайда болады. Бұнымен күрес науқаны басталады сосын. Негізі қазір де мен ойлаған жолмен ақша істеп жүргендер бар шығар бірақ әлі дами қойған жоқ. Мұны дамытпай алдын алуға да болады. Жолдарын білемін. Бірақ әзірше ол ешкімге керек емес, яғни қазіргі жемқорлық азая бастаған кезде жаңа түрі біраз уақыт қолданылғаны біреулер үшін тиімді. Өйткені қазір коррупция азайды, күрес жүріп жатыр деп жатырмыз. Бірақ осы уақытқа шейін жейтіндер жеп қалды, сондықтан әрине күрес жүргізеді. Ал олардан кейінгі жас корруционерлер әлі жеп үлгерген жоқ. Сондықтан біраз уақыт электронды жемқорлық бола тұрады Қазақстанда. Ол қалай болады? Толығырақ оқу »

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым