Қазір кеңінен тарап келе жатқан Google Buzz (Тірі таспа – copyright Тупак Амару) лентасындағы жазбаларыңызды WordPress арқылы жасаған блог немесе сайтыңыздың оқырмандарымен бөлісіп, оларды да осы жаңа модаға қызықтырғыңыз келсе Google Buzz Er плагинін қолданыңыз. Плагинді қазақшаға аударып қойдым. Мысалы менің блогымда тұр, сайдбарда.
Түсіріп алу
WordPress-те пост УРЛсын түрлі түрлі қылып шығаруға болады. Пост номерімен емес мақала атымен шығарғысы келеді біреулер. Солай істеп жүргендер RusToLat плагинін білетін шығар. Бірақ бұл плагин тек орысша әріптерге арналған. Қазақша әріптерді қолмен өзгерту керек болатын. Мен осы плагинді түзетіп көрдім, қазақша әріптер қостым. Егер осындай УРЛларға қызықсаңыз сіз де қолданып көріңіз.
Түсіріп алу – kaz-to-lat.zip
Көптен бері Хостер.кз хостингін қолданып келемін. Технология дамыған сайын, оны қолдайтын, қолданушылар да дамитыны сөзсіз. Вордпресс жүйесі де қатты дамып келеді. Мүмкіндіктері де көп қазір. Жәй ғана блог емес үлкен жаңалықтар порталы да істеуге болады. Айналмалы суреттер көп қолданылады қазіргі Вордпресс шаблондарында. Міне осындай шаблон қолданғыңыз келген кезде сіздің хостингіңіз жарамай қалуы мүмкін. Жоғарыда айтып өткен Хостер.кз хостингі Вордпресс үшін жарамайды! WordPress MU үшін мүлдем жарамайды. Сондықтан алдағы уақытта сапалы сайт жасағыңыз келсе хостер.кз хостингін алмаңыз. Өзім қазір бұл хостерден көшіп жатырмын.
Вордпресстің кейбір плагиндері және скрипттер автоматты түрде бірнеше папка ашады. Яғни керек жерге 777 chmod көрсеткеннен кейін қалған папкалар автоматты түрде құрылуы тиіс. Бірақ Хостер.кз хостингінде олай емес, тек қана 1 папка ғана ашады ал қалғанын өзіңіз қолмен құруыңыз керек. Айналмалы сурет немесе миниатюра шығаратын темалардың ішінде кэш (cache) папкасы болады. Миниатюра суреттер осы жерде жиналады. Хостер.кз хостингінде мындай қате бар: - егер тема phpthumb қолданатын болса кэш папкасының көлемі ұлғая береді, 1 күнде 1 гигабайтқа да жетіп қалады. Қолмен өшіріп отырып отыру керек мұндай кезде. - егер тема timthumb қолданатын болса миниатюра бастапқыда шығуы мүмкін, кейін шықпай қалады. Бұл жерде де кэшты тазалап отыру керек.
Маратхан кеше осындай мәселемен хабарласқасын осы тақырыпты жазуды жөн көрдім. Хостердың суппортына хабарлассаңыз қатенің сізде екенін айтады, скрипт дұрыс емес дейді. Ал басқа хостингтерге салсаңыз қатесіз істеп тұрады.
Ең дұрысы егер Вордпресс қолданамын десеңіз ДНР немесе Idhost-тан алыңыз.
Тегін хостинг керек болса Orgfree хостингын пайдалануыңызға болады, эксперименттер үшін керемет полигон.
Кейбір сайттар, блогтар оқырмандарына тек мәтін емес аудио ақпарат та бергісі келеді. Музыкамен бөліскісі немесе блоггерлер подкаст жасағылары келеді. Сол кезде мына Dewplayer плагинін қолдануға болады.
Алдымен мына жерден плагинді түсіріп алыңыз
Сосын плагиндер папкасына салғаннан кейін админкадан актив қыласыз.
Блогтағы пост ішіне салу үшін мындай кодты қолданасыз:
[dewplayer:http://www.mymusic.com/mysong.mp3]
Бар болғаны осы, сайтыңызда әдемі плеер болады. Мысал үшін Дастан студиясы және Ақиқат сайттарын қарап көруіңізге болады.
Ескерту: қойылатын файлдың форматы mp3 болуы керек
Алмас деген біреудің сұрауы бойынша бүгін блогтағы материалдардың статистикасын көрсететін плагинмен таныстырғым келеді. DailyTop10 деген плагин бұл. Мақаланың ішінде, айдарлар бетінде неше рет оқылғанын және бүгін неше рет оқылғанын көрсетеді. Қаласаңыз виджетпен немесе Алмас сияқты виджеттерге жыныңыз келетін болса қолмен Бүгінгі және Жалпы ТОП мақалаларды сайдбарға шығарып қоюыңызға болады. Плагинді түсіріп алу Ең алдымен плагинді plugins папкасына салып, админкадан активтендіресіз. Бұл енді кірпіге де түсінікті жәйт. Бұдан кейін темаңыздың single.php файлын ашып, мына кодты қосыңыз:
Ал алғашқы бетке немесе айдарлар архивінде көрінгенін қаласаңыз index.php, archive.php файлдарына мына кодты енгізіңіз:
Жоғарыда айтқанымдай уақыт немесе басқа өзіңіз қалаған жердің астына саласыз. Сәттілік тілеймін!
Бүгін блогтағы байланыс функцияларын атқаратын 3 плагинмен таныстырғым келіп тұр.
Біріншісі – cformsII Бұл плагинді тек қана кері байланыс үшін емес, фирма сайттарына онлайн заказ немесе жаңалықтар сайтына мақала қосу сияқты нәрселер үшін қолдануға болады. Менің блогымда кері байланыс ретінде тұр. Түсіріп алу
Екіншісі – DMSGuestbook Бұл плагин қонақ кітабы міндетін атқарады. Блогқа жазылатын пікірлерден бөлек, жалпы қонақтар блог туралы пікірлерін жазсын десеңіз осы плагинді қолдануыңызға болады. Түсіріп алу Қазақша тіл файлы
Үшіншісі – Simple Ajax Shoutbox Блогыңыздың сайдбарына миничат қойғыңыз келсе Simple Ajax Shoutbox керемет плагин. Плагинді алминкадан актив қылғаннан кейін сайдбарға виджет ретінде қосасыз, болды. Түсіріп алу
Сұрақтар болса комментерге жазыңыз.