»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Buzz-дағы жазуларыңыз сайтыңызда
Сәу 7, 2010 - Аршат

Қазір кеңінен тарап келе жатқан Google Buzz (Тірі таспа – copyright Тупак Амару) лентасындағы жазбаларыңызды Wordpress арқылы жасаған блог немесе сайтыңыздың оқырмандарымен бөлісіп, оларды да осы жаңа модаға қызықтырғыңыз келсе Google Buzz Er плагинін қолданыңыз. Плагинді қазақшаға аударып қойдым. Мысалы менің блогымда тұр, сайдбарда.

Түсіріп алу

Қазақша URL плагині
Нау 5, 2010 - Аршат

Wordpress-те пост УРЛсын түрлі түрлі қылып шығаруға болады. Пост номерімен емес мақала атымен шығарғысы келеді біреулер. Солай істеп жүргендер RusToLat плагинін білетін шығар. Бірақ бұл плагин тек орысша әріптерге арналған. Қазақша әріптерді қолмен өзгерту керек болатын. Мен осы плагинді түзетіп көрдім, қазақша әріптер қостым. Егер осындай УРЛларға қызықсаңыз сіз де қолданып көріңіз.

Түсіріп алу – kaz-to-lat.zip

Dewplayer – аудио плагин
Жел 21, 2009 - Аршат

Кейбір сайттар, блогтар оқырмандарына тек мәтін емес аудио ақпарат та бергісі келеді. Музыкамен бөліскісі немесе блоггерлер подкаст жасағылары келеді. Сол кезде мына Dewplayer плагинін қолдануға болады.

Алдымен мына жерден плагинді түсіріп алыңыз

Сосын плагиндер папкасына салғаннан кейін админкадан актив қыласыз.

Блогтағы пост ішіне салу үшін мындай кодты қолданасыз:

[dewplayer:http://www.mymusic.com/mysong.mp3]

Бар болғаны осы, сайтыңызда әдемі плеер болады. Мысал үшін Дастан студиясы және Ақиқат сайттарын қарап көруіңізге болады.

Ескерту: қойылатын файлдың форматы mp3 болуы керек

ТОП мақалалар плагині
Жел 3, 2009 - Аршат

Алмас деген біреудің сұрауы бойынша бүгін блогтағы материалдардың статистикасын көрсететін плагинмен таныстырғым келеді. DailyTop10 деген плагин бұл. Мақаланың ішінде, айдарлар бетінде неше рет оқылғанын және бүгін неше рет оқылғанын көрсетеді. Қаласаңыз виджетпен немесе Алмас сияқты виджеттерге жыныңыз келетін болса қолмен Бүгінгі және Жалпы ТОП мақалаларды сайдбарға шығарып қоюыңызға болады.
Плагинді түсіріп алу
Ең алдымен плагинді plugins папкасына салып, админкадан активтендіресіз. Бұл енді кірпіге де түсінікті жәйт. Бұдан кейін темаңыздың single.php файлын ашып, мына кодты қосыңыз:

#Мақаланың жарияланған уақытын көрсететін жерді тауып алып, мысалы мынадай болып тұруы мүмкін:
       
        <?php the_time('F jS, Y') ?> //date
       
     #Осы кодтың астына немесе өзіңіз қалаған жерге мына кодты қойсаңыз болды:
        <br /><?php if (function_exists('todays_overall_count')) { todays_overall_count($post->ID, 'Бұл мақала', 'рет оқылды', 'рет бүгін', '0', 'рет'); } ?>

Ал алғашқы бетке немесе айдарлар архивінде көрінгенін қаласаңыз index.php, archive.php файлдарына мына кодты енгізіңіз:

<br /><?php if (function_exists('todays_overall_main')) { todays_overall_main($post->ID, 'Бұл мақала', 'рет оқылды', 'рет бүгін'); } ?>

Жоғарыда айтқанымдай уақыт немесе басқа өзіңіз қалаған жердің астына саласыз. Сәттілік тілеймін!

Байланыс плагиндері
Қар 24, 2009 - Аршат

Бүгін блогтағы байланыс функцияларын атқаратын 3 плагинмен таныстырғым келіп тұр.

Біріншісі – cformsII
Бұл плагинді тек қана кері байланыс үшін емес, фирма сайттарына онлайн заказ немесе жаңалықтар сайтына мақала қосу сияқты нәрселер үшін қолдануға болады. Менің блогымда кері байланыс ретінде тұр.
Түсіріп алу

Екіншісі – DMSGuestbook
Бұл плагин қонақ кітабы міндетін атқарады. Блогқа жазылатын пікірлерден бөлек, жалпы қонақтар блог туралы пікірлерін жазсын десеңіз осы плагинді қолдануыңызға болады.
Түсіріп алу
Қазақша тіл файлы

Үшіншісі – Simple Ajax Shoutbox
Блогыңыздың сайдбарына миничат қойғыңыз келсе Simple Ajax Shoutbox керемет плагин. Плагинді алминкадан актив қылғаннан кейін сайдбарға виджет ретінде қосасыз, болды.
Түсіріп алу

Сұрақтар болса комментерге жазыңыз.

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым