»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Епті байымайд, бақты байид немесе қазақ интернеті неге дамымай жатыр?
Маусым 4, 2010 - Аршат

Қазақ интернеті неге дамымай жатыр?
Осы сұрақ соңғы кезде мода болып кетті. Осы мәселемен түрлі семинар, ТВде бағдарламалар болып жатады. Ол жерде не деп шешкендерін білмеймін. Бірақ мен сіздерге өз вариантымды ұсынайын.

Мамандардың жоқтығы
Иә, қарапайым ғана жауап. Мамандар жоқ бізде сайт жасайтын. Мен мысалы сайт жасаймын. Бірақ, мен осы істің маманы емеспін, мамандығым туризм болса да қолымнан дайын программа, скрипттермен жұмыс істеу, қазақшалау келетін болғандықтан осыны кәсіп қылып, өз бетіммен үйренушілерденмін. Танымал сайт жасаушылар Бақытнұр мен Жанарбек, атыраулық Марат пен Алмас та кәсіпқой вебмастерлер емес. Барлығы да өз ұлтын, тілін сүйетіндер. Энтузиасттар.

Жақсы хостинг болмауы
Қазақстанда хостинг беруші компания көп. Бірақ көбісінің техникалық қолдауы нашар. Сайт ісіне қатысты көп скрипттер хостингке орнатылғаннан кейін автоматты түрде жұмыс істеуі керек. Бірақ хостерлер берген хостингтерінде көп нәрсеге тосқауыл қойып қояды. Сондықтан көп нәрсені қолмен жасауға тура келеді. Яғни көптеген скрипттерді біздің хостингтерге қою мүмкін емес. Мысалы жақында ашқан жобам Кездесу сайтын бастапқыда отандық серверде бастағам, сайтты сервер көтере алмады. Нәтижесінде ресейлік серверге көшіп кеттім. Жоғарыдағы пунктте айтқанымдай серверлерге де қарай алатын мамандар жоқ. Техқолдауға хабарласып хат жазсаңыз, жауап алудың өзі мұң.

Ақшаның барлығы
Әдетте сіз бір жобаңызды көрсетіп жоғарыдағыларға барсаңыз ақша жоқ деген жауап аласыз. Құр сөзбен немесе сізге тегін хостинг берейік деген сөзбен шығарып салады. Шын мәнінде менің ойымша олай емес. Ақша жоқ емес бар. Ал ол ақша дұрыс жерлерге жұмсалмай отыр. Мысалы қазір соңғы күндері шу болып кеткен Қазконтентті алайық. Сайттарына кіріп көрсеңіз бүгінге дейін жасаған 3 жобалары бар екен. Bnews.kz және видео портал Kaztube, сосын сайттарға тегін хостинг беру жобасы. Алғашқы екі сайтты мүмкін естіген шығарсыздар, бірақ кірмейтіндеріңіз анық қой? Яғни танымал сайттар қатарына кіргізе алмайсыз. Соңғы жобалары интернетте көп айтылып, жақсы пиар жасалып жатыр. Тегін нәрсе болғасын әрине позитив қабылданады. Ал сіз осы АҚның сайтына кіріп Мемлекеттік сатып алу бөліміне кіріп 2010 жылға арналған сатып алу жоспарын қараңызшы. 2500тг тұратын доменнің өзіне 75 мың ақша бөлінген. Жоғарыда аталған 2 сайтты модернизациялау үшін 6 миллион, ал Ilike.kz деп аталатын қоғамдық желіге 35 миллион бөлінген. Осы сайттың пиарының өзіне 3 миллион, ақпараттық қауіпсіздік нормативті документтеріне 6 762 000, Техникалық қолдау қызметтеріне 9 миллион, эксклюзив видеоларға 3 750 000тг қаржы бөлінген. Басқа пункттерді өзіңіз қарап көріңіз. Айтайын дегенім былай білетін адамға бұл қызметтер мұншама ақша тұрмайтыны белгілі ғой. Мысалы ilike.kz деген сайтты мен қазір тегін пиарлап жатырмын, ал сіз бұрын естідіңіз бе? Әлде дайын емес пе әлі? Негізі жылдың басында айтып еді бұрынғы Ақпараттану және Байланыс агенттігінің басшысы “наурыз-сәуір айында алғашқы қазақстандық қоғамдық желі ашылады” деп. Қазір айлардан маусым, жаз болды көктем кетіп. Айтайын дегенім ақша бар, жұмсалып жатыр. Бірақ бұлар барлығы виртуалды, электронды болғандықтан істелетін қызметтерді қолмен көрсетіп дәлелдеу қиын. Бұл қаланып жатқан кірпіш емес, төселіп жатқан асфальт емес. Бұл виртуал!

Орыстық
Сіз қазақтар ашқан ірі компьютер фирмаларын көрдіңіз бе? Ал хостинг компанияларын ше?
Жалпы компьютер, ІТ саласында жоғары жақта орыстар. Осыған қатысты барлық жерде орыстар. Тіпті осы айналадағы түрі қазақтар да орыстар. Орысша сөйлеп, орысша ойлайтын адамды мен орыс деп санаймын. Бойында ұлтшылдық, намыс болмағасын бұлар ешқашан қазақ интернеті неге дамымай жатыр деп те ойламайды. Қазақша сайттар мәмбеттердің сайты сияқты болып тұрады. Жасай алатын болса да ешкім қазақша сайт жасағысы келмейді. Біз сияқты шамалы болса да тырысып жүргендерді кекетіп, мұқатып, мазақ қылуды ғана біледі. Қазнет деп KZ доменіндегі барлық сайттарды ойлайды. Ресейлік атақты дизайнер Артемий Лебедев былай дейді:

Рунет тек Ресей Федерациясының шекарасымен шектеліп қалмайды. Рунет – бүкіл орыстілді интернет.

Яғни біздің мәңгүрттер соншама ақша бөліп Қазақтың Қазнетін емес орыстың Рунетін дамытып жатыр. Мейлі домені com болсын, kz болсын, info болсын тілі орысша болғасын демек бұл Рунет.

Қортынды
Жоғарыда айтқандарымды қортындылай келе менің қолымда болса былай істер едім:
Қазақша сайттар жасап жүрген жігіттердің (Бақытнұр, Жанарбек, Алмас, Марат, Ерлан Оспан, Асхат Еркімбай) бәрін жинап бір жерге, бар жағдайды жасап, айтар едім “ептібайымайттар инетте бір біріңді көре алмай қырылыса бергенше, бірігіп бірнеше жоба жасаңдар қазақша” деп. Жұмыла көтерсек жүк те жеңілдеп, бірнеше тамаша жобалар ашылып Қазнет өзінің ана тілі қазақша сөйлей бастар еді.


33 пікір  
  • patick:
    4 Маусым 2010 - 16:23

    Браво! Осылай айтатын адам көре алмай жүрмін өзім БАҚ беттерінен.
    Сол баяғы “Бүйту керек, сүйту керек” деп бір-бірін қайталайтын шала сауатты журналстердің сөзінен шаршап біттік.

    Аршаттың сөзін қос қолдап, керек десеңің қос аяқтап қолдаймын. Барлық мәселе НАҚ-ты түрде көрсетіліп, олардың шешімі де айтылған. Дұрыс!

  • Қилызаман:
    4 Маусым 2010 - 16:24

    (Бақытнұр, Жанарбек, Алмас, Марат, Ерлан Оспан, Асхат Еркімбай)+ айналйын Аршат Ала қойдың жүнін бөле қырықсаңдар жүнге жарымастарың анық… Ана жоғарыдағы сомалардың бір пұшпағына жармаспаймысыңдар!!!

    Жұмыла көтерген …. деп сыпырып сыйра мақал мателдердің бәрін термей ақ қойсақта түсінікті емеспе???

    Мені мысалға қатты таңдандырып жүрген анау “Softzone.kz” атырау жақтағы бір өркенің өскірдікі байқауымша. Өркені өсе берсін

  • Қилызаман:
    4 Маусым 2010 - 16:25

    Ана жоғарыдағы сомалардың бір пұшпағына жармаспаймысыңдар ма??? дегім келіп еді

  • Аршат:
    4 Маусым 2010 - 16:34

    мен тек өзіме таныс жігіттерді айтқан едім, әрине маған таныс болмаса да қазақша сайттар жасап жүргендер бар. айтпақ ойым сондай жігіттерді жинау керек еді. мысалы ана ұйымның аты Қазконтент болғанымен ол тек қағаз жүзінде. қазақша контент туралы ойлап жатқан олар жоқ, тіпті қазақтың “Қ”сының құйрығын да қимай аттарын Казконтент деп жазып жүр.

    бір шетіне жармаспайсың ба дейсің. біз биыл үкіметтің сайттарға қатысты 3 тендеріне қатыстық, бөлінген сомасы жоғарыдағыдан аз. бірақ алдын ала белгілі екен жеңімпаздары, сондықтан іліну мүмкін емес.

  • maqpal:
    4 Маусым 2010 - 16:44

    Ия, келісем. жеңістің кілті – бірлікте

  • Қазақ:
    4 Маусым 2010 - 16:47

    Сөйтіп, Қазекемнің өз ақшасы Интернет жағынан да өзіне бұйырмай жатыр. Казконтент сияқты космополиттік бағыттағы Ұлттық компания сымақтар шынында сол салаға бөлінген қаражаттың қызығын көріп-ақ жатыр.
    Мүмкін деймін-ау: олар нағыз СЕНСАЦИЯ жасайтын бір Ұлттық Интернет-жоба жасап жатқан шығар? Ертең аузымызды ашып қалмайық… Таң қалғаннан…

  • Ansar:
    4 Маусым 2010 - 18:04

    Äi, kazakhtektester-ai, kazakhty julmalamagan jerleri kalmapty goi.

    Tolyktai kelisemin.
    Osy sebepterge kosymsha Kazakh tildi okyrmandardyn az ekenin de kosuga bolady. Auyldy jerlerdegi kazakhtarga internettin iisi de bara bermeitini bar.

    алдын ала белгілі екен жеңімпаздары,
    Nege ondai malimetter kopshilikke ashyk aityla bermetindigin tusinbeimin.

    Kazcontenttin jasagan saittarynyn, asirese, kaztube-tyn sorly sait ekenine dau jok. Ainaldyrgan bir sorly saittyn ainalasynda birnewe adam nanyn tauyp jep otyr. Olardyn kanwasy aram nan jegenin bir Kudai bilsin.

    Kazcontent — koi terisin jamylgan kaskyr ma? :)

  • Kilyzaman:
    4 Маусым 2010 - 18:43

    “біз биыл үкіметтің сайттарға қатысты 3 тендеріне қатыстық, бөлінген сомасы жоғарыдағыдан аз. бірақ алдын ала белгілі екен жеңімпаздары, сондықтан іліну мүмкін емес.”е
    …Mіне қуанатын жайт. Тек талмай іздене беру керек! Жемқорлар атжалмандардан да асып түскен өлермендер сяқты болды ғой егер бұл салада да алдын ала әрекеттенсе(((
    Бірлік керек, ынтымақ керек…Сынды түзеу керек, сонда ғана мін түзеді
    Мысалы: ““Қ”сының құйрығын да қимай аттарын Казконтент деп жазып жүр.”-дегендей

  • Kilyzaman:
    4 Маусым 2010 - 18:50

    Пәре бергенше ол шенеуліктегі пенденің иманын ұщырып бара бер деген екен бір пақыр… Мемлекеттік сатып алудыңда белгілі бір ережелері бар щығар…

  • Ержан:
    5 Маусым 2010 - 13:17

    Аршат, бауырым.
    Көтерген тақырыбың өте дұрыс. Жүрегі «Қазақ»,- деп соққан жігіттің жан айқайы естіліп тұр… Бірақ құр айқаймен ешнәрсе бітпейді. Осылай ойлайтын жігіттер жоқ емес, бар! Бірақ, әрқайсысы өз күнін көріп жүр….
    Аршат, бауырым! Мәселе сайт жасауда емес, оның халыққа (Интернет қолданушыларға) керектігінде! Әйтпесе Интернетте толып жатқан «өлі» сайттар жетерлік. Казнетті зерттеп, мониторинг жасаушылар жоқтың қасы, олар көп емес. Солардың ішінде «ШалАқай» (Ляхов Саша -Дядя Шалдың қазақшасы ) мен Марат Ижановтың (ижанов.ру ) зерттеулеріне көз жүгіртейік: 2009 жылдың аяғында Қазақстанда 3 млн 200 мыңдай Интернет қолданушылары бар екен, оны тек 800 мыңдайы ғана активті қолданушылар. Енді оның ішінде қазақша информация іздейтіні қаншалық? Бір құдайдың өзі білсін, оны ешкім зерттеген жоқ! Ал енді мынаны қара, ( 2009 жыл, қараша айы) Казнетте жұмыс істейтін 6 206 сайт бар екен, оның тек 10% -тейі ғана қазақша сайттар (оның ішіне екі тілді сайттар да кірген), яғни 600-ден астам. Ал таза қазақ сайттары 2%-тей көрінеді, яғни 120-150 дей!? Солардың ішіндегі ең үздіктері деп саналатын (Абай.кз, мәссаған.ком, нұрғиса.кз) сайттары CountZero бойынша алғашқы ТОП-100- ге кіре алмаған. Мысалы, Абай.кз бүгін 109 –орында, (оқырмандар саны Қазақстан бойынша күніне -970, Әлем бойынша -1113). Осыған карап, мен мынадай тұжырым жасай алам: яғни күніне Интернетке кіретін қазақтар саны 1000 адамның ар жақ, бер жағы. Өкінішті-ақ, бірақ оны мойындауымыз керек. Ал енді осы «1 мың қазақ» күніне Интернеттен не іздейді, оларды не қызықтырады? Олардың санын калай көбейту керек? Егер осы сұрақтарға жауап таба алсақ, бірігіп бірнеше жоба құрайық, мәселені осылай көтерген дұрысырақ деп ойлаймын. Сонда ғана, өкімет тарапынан қаржы талап етуге мүмкіндік туатынына сенімім жоқ емес. Осылайша, жаңа министрлік (Ақпарат және байланыс министрлігі) көтерген 30 жобаға кіруге болады, және де жоғарыда өзің айтқандай, «қатысып, ұта алмай қалған» тендерлерді жеңуге болады.. ;-)
    Осылайша, істі белгілі бір жүйеге салған дұрыс па деп ойлаймын.

  • Ақзере:
    7 Маусым 2010 - 9:46

    Мені де алыңдаршы жұмысқа ))))

  • Neweurasia – Kazakhstan » Қазақша сайттар биліктің «хостингіне» қонақтағысы келмейді:
    7 Маусым 2010 - 15:30

    [...] “…Қазақ интернеті неге дамымай жатыр?” деген жазбасында “мамандардың жоқтығы, жақсы хостингтің болмауы, [...]

  • Ақылбек:
    13 Маусым 2010 - 23:04

    Аршат саған қосылсам бола ма?шамалы тәжірибем бар.Айтқан ,жазған сөзің экран алдындағы көзімнен өтіп жүрегіме тиді… менімен хабарласқың келсе akilbek94@mail.ru. sabions@yandex.ru. (көбіне майл.руда боламын)

  • Serzha:
    21 Маусым 2010 - 7:58

    аудитория аз

  • Ербол:
    21 Маусым 2010 - 12:32

    Дұрыс айтасың!Бірақ өзіңнен де бастаған дұрыс шығар!
    1)”Бірақ мен сіздерге өз вариантымды ұсынайын.” Дұрысы вариант емес, нұсқа болар!
    2) Мәселе қазақ мамандарының жоқтығында! Қазіргі web-сайт жасайтындардың көпшілігі орыс ұлтының азаматтары! Оларда қазақ тіліне деген қандай жанашырлық болсын! Мысалы http://tauport.kz/signup/ сайтын қарасаңыз “мысалы, Ivan Ivanov”, “мысалы, Ivanov” неге “мысалы, Axmet Axmetov” емес! Сайтты жасап жатқан орыс жігіттері! Міне мәселенің мәні қайда!

  • Мен қазақ сайттарына қайран қалам! « Gastarbaiter -дің блогы:
    27 Маусым 2010 - 2:24

    [...] Аршат Оразов бастаған  бұл тақырыптың жалғасын қысқаша ғана кіріспеден бастағым [...]

  • Gastarbaiter:
    27 Маусым 2010 - 2:46

    Хабарлас. Еркектерге арналға энциклопедиялық сайт ашайық. Контент жағынан қолымнан келгенше көмектесем.

  • Мусылман аль-Алматы:
    16 Шілде 2010 - 8:27

    Интернетке кіретін қазақтар саны 1000 адамның ар жақ, бер жағы болса, солардың ішінде намаз оқып, сақал қырмайтындары қанша? Қазақша Ислам сайтын кім ашқысы келеді?

  • Jam:
    27 Шілде 2010 - 7:44

    Мен де бір кісідей сайттың бағдарламасын жазу қолымнан келеді. Дизайнер жігіттер болса, бірігіп біраз іс тындыруға болады. Егер жиналып жатсаңдар, мені шақыруды ұмытпаңдар!

  • Raushanbek:
    7 Тамыз 2010 - 12:20

    Аршат көтерген тақырыбың өте дұрыс. Барлығымызға белгілі IT, бағдарламашы (программист) саласына келгенде қазақша мәліметтер өте аз. Менің мақсатым осы сала бойынша қазақша сайт жасау. Ол алғашқыда HTML, CSS, PHP, JavaScript, MySQL жайлы болады. Уақыт өте Pascal, C++, Java,Delphi т.б бағдарламалау тілдерінен қазақша мәліметтер, форумдар болады. Сіздердің талап тілектеріңізді, ой-пікірлеріңізді күтемін. HTML, CSS, PHP, JavaScript, MySQL – қазақша мәліметтер болса қуана қабылдаймын.
    wwweb-idea@mail.ru
    rpazilov@gmail.com

  • Ербол:
    18 Тамыз 2010 - 20:25

    Өте дұрыс талдау. Билікте отырғандарға осыларды айтып,көздерін шұқып-шұқып жіберсе.

  • Номад:
    20 Тамыз 2010 - 22:45

    “Қазақ десе өзіме, соқыр десе көзіме тиедінің” кері болды, үкімет тарапынан бөлінеген сома алдын ала бармақ асты болып, етек астында баяғыда бөлініп алынған. Ұятта болса айту қажет біздің үкімет “ұрылардан”, экономика “кландардан” құралған, оларға ұлт және отан керегі жоқ. Қазақты жеткізем деу құр далбаса, біздің күніміз өтіп барады, қазақты құртқан “нарық экономикасы” және барлық деңгейде қалыптасқан ұйымдасқан жемқорлық болып тұр. Біз бүгін “Ұлы даланың ақырғы могикандарымыз”, ертең орнымызды келімсек байлар мен жергілікті құлдар басады да, қазақ деген халық өткен тарих еншісінде қалады. Әлемдегі жаһандану процесі мен интернет технология бізді құртуды жеделдетеді. Ащы болсада шындық осы.

  • Ruslannnn:
    22 Тамыз 2010 - 7:40

    Номад, сонда не істеу керек дейсің? Қай нәрседен бастайын сенің тура жолыңа түсу үшін?

  • Degree:
    13 Қазан 2010 - 19:27

    приходя в непривычную для себя атмосферу

  • DropayDal:
    15 Қазан 2010 - 16:37

    Вы реально думаете что люди это воспримут так как задумано?

  • beargecet:
    28 Желтоқсан 2010 - 18:11

    Вы абсолютно правы. В этом что-то есть и мне кажется это очень хорошая мысль. Полностью с Вами соглашусь.

  • Parad:
    3 Қазан 2011 - 19:55

    Всем привет, хочу поделиться радостным событием, два дня назад выиграл iPhone 4G белого цвета, а вчера мне его уже привезли. Просто зашёл на сайт http://www.sendtowin.net/ прочитал условия акции, отправил sms и через час обнаружил что я в списке победителей, каждый день там разыгрывают разные дорогие подарки, много продукции от Apple, буду участвовать дальше, может ещё что подарят.

  • Duglor:
    28 Қазан 2011 - 5:05

    Fittiting-room.ru – Интернет магазин женской одежды http://www.fitting-room.ru/.

  • Sovetchik:
    17 Қараша 2011 - 5:23

    Дом СоветовЪ – http://www.domsovetov.by – Портал о строительстве и ремонте.

  • Kolomiec:
    18 Қараша 2011 - 21:44

    Виды Бетонных бассейнов. Стоимость бетонных бассейнов http://partner.crimea.ua/bet.html . Фото бетонных бассейнов.

  • server-vt:
    17 Желтоқсан 2011 - 13:53

    Сервера под спам http://vainet.biz/

  • Hans:
    26 Желтоқсан 2011 - 13:54

    Raushanbek:
    Аршат көтерген тақырыбың өте дұрыс. Барлығымызға белгілі IT, бағдарламашы (программист) саласына келгенде қазақша мәліметтер өте аз. Менің мақсатым осы сала бойынша қазақша сайт жасау. Ол алғашқыда HTML, CSS, PHP, JavaScript, MySQL жайлы болады. Уақыт өте Pascal, C++, Java,Delphi т.б бағдарламалау тілдерінен қазақша мәліметтер, форумдар болады. Сіздердің талап тілектеріңізді, ой-пікірлеріңізді күтемін. HTML, CSS, PHP, JavaScript, MySQL – қазақша мәліметтер болса қуана қабылдаймын.

    Тілді үйренудің ең тиімді жолы – сол тілде жазу(programming)екендігі белгілі. Мен ұлтшылмын. Солай болcада шын мәнінде үйренетін адам (мысалы C-тілін) ең алдымен ағылшын тілінде (орысшада емес)ОЙЛАУЫ керек деп есептеймін.(Мысалы Microsoft MSDN-ға орыс тілін қимаған, аударып жүргендер орыстардың өздері). Қазақша форум арқылы тілдер үйрену “это – понты”.
    Форум арқылы тек қана тәжірибе алмасуға болады. Тәжірибе алмасу үшін сол тәжірибе болу керек.Ұсақ-түйектерді сондай форумдарда үлкен мәселелер етіп талқылап жату Қазаққа жақсы имидж болмайды. Ана жер, мына жерден көшіру дұрыс тірлік емес.Сізді айтып отырған жоқпын,жоғарыда бір постта бір кісі бір сайтқа таңқалып жүр екен,белгілі программаларды қазақшаға аударып “таңқалдыру” (жай қазаққа ол солай көрінеді)жасау да жақсы емес.
    Жоғарыдағы тізіміңізде неге ASP,ASP.NET жоқ? Өкінішті, ең қажетті қазіргі заманғы технология сол ғой,PHP-ға уақыт жоғалтпай ASP,ASP.NET-ті үйрену керек және тезірек.
    Бағдарламалау деген дұрыс емес деп есептеймін, “Программа”-лау болу керек немесе “Programming” деп туған тілінде атаған лазым. Тағы бір айтарым мамандар біздің елде бағаланбайды…
    Best Regards: Hans from Karagandy

  • regdutr:
    28 Қаңтар 2012 - 23:01

    Как приподнять свою придпреятие в интернете? , что бы её можно было бы легко найти через поисковики


Пікір жазу

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым