»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Келінді көрдім
Желтоқсан 9, 2009 - Аршат

Кеше Лига чемпионов ойындарының алдында уақыт өтсін деп атышулы Келін фильмін қарадым. Фильм ретінде ұнаған жоқ, ортанқол кино. Көріп болғаннан кейін бір-екі сұрақ пайда болды:

- Бұл фильмнің қай жері скандал туғызып отыр?
- Бұл фильмнің қай жері Оскарлық?

Түсіріп аламын десеңіз мына жерге басыңыз.

Өз басым бұл фильмді скандал ретінде көрсеткендеріне және Оскарға ұсынуларын қате деп есептеймін. Сіз ше?


29 пікір  
  • Ақзере:
    10 Желтоқсан 2009 - 9:37

    Сол арт-хаус стилінде болғандықтан қара халыққа түсініксіз болар… Бірақ түсірілім жағынан жоғары сапада түсірілген деп ойлаймын. Және де бұл қазақтар туралы фильм емес, түркі тілдес халықтар жайында.

  • Аршат:
    10 Желтоқсан 2009 - 9:42

    сол біз сияқты мәмбеттерге түсініксіздеу болып қалды. сосын кино қазақтар туралы емес қой соншама ашуланатындай. ептібайымайттар Боратқа осылай ашуланбап еді. негізі өте сәтті пиар істеді деп ойлаймын шу шығарып. өздерінің адамдары жамандап бастады, кейін жұрт неге олай екен деп қызығушылықпен қарай бастады.

  • balgyrgan:
    10 Желтоқсан 2009 - 16:06

    Оскарға ұсынылсын деп ойлаймын :) Қазақстан дегенді әлем жиі естісе несі бар :) ал, шу жасанды сиякты…

  • Тупак Амару:
    11 Желтоқсан 2009 - 10:54

    Қазір не болса, соны скандал қылып, жата кеп жамандайтын “патриоттар” қаптап кетті өзі. Ертең бір қазақ фильмде сіңбіріп қойса, “қазақтарды мәдениетсіз қылып көрсетіпті” деп те шулайтындар шығады :)

  • Анара:
    11 Желтоқсан 2009 - 13:46

    Не фильм — а сплошная дешевая парнушка! Если такие фильмы будут представлять нашу страну на больших кинофестивалях, то однозначно – дни нашего отечественного кино сочтены…
    Заказывайте место в могиле, господа!

  • Қосақ:
    11 Желтоқсан 2009 - 16:48

    Фильм жақсы түсірілген, пейзаждар, көріністер – керемет. Ежелгі түркі дүниесі кезіндегі адамның табиғатпен бірлігін берген, бірақ, сол тайпалардың тынысын берем деп, сәтсіздікке ұрынған сияқты. Шу да содан шығып жатыр. “Оскарға” ұсынуға болады, орын алуы қиын.

  • Тупак Амару:
    11 Желтоқсан 2009 - 17:24

    Не де болса, ұсына берсін. Бір жерін кесіп алмайды ғой :) Сәтсіздікке ұшырап жатса, “Осылай болуы тиіс еді” дейміз де қоямыз :)

  • Аршат:
    11 Желтоқсан 2009 - 17:38

    Шетелде жақсы түсінеді ғой киноны. Мүмкін оларға ұнап қалар, Оскар аламыз сосын шу қайтадан басталады “мына кино Оскар алып бізді позор қылды” деп :)

  • Аршат:
    11 Желтоқсан 2009 - 17:39

    Анара, вы помоему не виделу сплошную дешевую порнушку. тащитесь только по тяжелой?

  • Gastarbaiter:
    12 Желтоқсан 2009 - 23:28

    Аршат, орысша жазудан қалыпсың ғой:)))) Әлде мен орысша оқудан қалдым ба? соңғы кәментіңді түсінсем бұйырмасын.

  • ZhenisKaz:
    13 Желтоқсан 2009 - 8:50

    Аты шулы бұл фильмнің додасын мына жерден қараңыз http://www.massagan.com/news.php?mod=news&id=4199&catid=3
    Осыдан 3 жыл бұрын Мысырда 2 жыл ілім алдым. Сол жакта жургенімізде “Көшпенділер” фильмі бізге жетті. Барлығымыз отыра қалып көре кеттік. Қайда дейсізғой, интернет клубта. Бірде айналамыз нық адамға толды. Оның ішінде қазақтар, өзбектер, қырғыздар топты көріп келген орыстар мен өзге ұлттар болды. Біздің аудармамызбен қазақша нұсқасын көріп таң қалып, Қазақстан мен елбасымызды сондай мақтай түсті. Ел үшін сондай ақша бөліп, керемет тарих түсіргізген десті.
    Сонда бас кейіпкермен қазақ қызы ерін тигізе беріп үзіп тастаған жерін өзге ұлттар ойларымен жалғастырып зинаға кетті десті. Мақтанып отырған біз қызара бастадық…
    Міне осындай оймен көретін шетелдіктер мына фильмдердегі сұмдықтарды көргенде не айтары белгілі ғой. Сондықтан Оскарға іліну былай тұрсын, шетелдіктерге көрсетуге тіпті болмайды деп білемін.
    Тәрбиелік мағынасы бар, еліміздің даңқын көтеретін фильмдер көбейсе екен деп тілеймін. Еңсесін түсіретін фильмдер емес.
    Ал, сіңбіріп қоюға келетін болсақ, ол жерін көрсетпеуге болады емес пе? Кездейсоқ болып қалса ол басқа әңгіме.

  • Аршат:
    13 Желтоқсан 2009 - 15:24

    Oscar aka Gastarbaiter бырат, мен туған жақтың орысы да дұрыс орысша білмейді. Екі пибі алатындай орысшамды шашып, орыстілді көтриот қазақ қарындасқа өзімше жауап беріп едім. Мазақ қылып, масқара қылдың ғой :) ана виделу деген видели болып жазылатын еді, әріп қатесі кетіпті. айтайын дегенім: “арзан порноны көрмеген шығарсыз, ауыр порно ұнайтын шығар” деген сөз еді негізі

  • Уалиғали:
    14 Желтоқсан 2009 - 0:02

    Гастарбайтер, бұтақты жеп ілік іздеп отырады осы, Аршаттың не жазса да ақылды бірдеңе жазғаны онсыз да беп-белгілі емес пе?

  • Нұрғиса:
    14 Желтоқсан 2009 - 13:19

    Аршат, орысша оқы ;)

    Бұл кино ғой бар болғаны. Исі қазақтың бір ортақ құндылығы емес, әлдебір шығармашыл топтың туындысы. Бөсіп не көрініпті.

  • Maratkhan:
    16 Желтоқсан 2009 - 12:59

    Бізде жарнама мен пиар мәселесімен Атқарушы билік пен Парламент қосылып айналысатын болыпты. Саясаткерлер баланың ойыншығымен айналысып кеткен.

  • halmurat:
    18 Желтоқсан 2009 - 12:25

    Ең әуелі Аршат саған осы фильмді көрсеткенін үшін үлкен алғысымды білдіремін.
    Көп рахмет! Мен шетелден боламын, фильмді көре алмай жүріп ем, жақсы болды.
    Сосың сенің сұрағыңа жауап:

    - Бұл фильмнің қай жері Оскарлық емес?
    Тақырыбы кедей екені рас, бірақ та операторлық шеберлігі өте жақсы, тек осы номинациясымен Оскарға ұсынуға да болатын фильм екен. Ермек байғұсты текке қаралап жүріпбіз. Анайы, сайқы (скандал болатындай) ештеме жоқ екен. Батыстың назарын тарту үшін артық тұздықтап, қайдағы бір элементтерді кірістіріпті. Бұлай істемесе Батыстың назарын тартпас та еді. Ал Оскар алуы екіталай дүние. Оскарға кейде бұдан әлдеқайда төмен кинолар да ұсыныла береді. Біз қазақтар бір-бірімізді неге біруақ қолдап, рухани демеп жүрмеске? Оскарға ұсынылуы кімге шығын болды екен сонда? Ана жолы Бекболат ағамыз да, Абай сайты да осы Ермекті сойып салып еді, олары бекер болған екен. Бұл шынымен өнер туындысы екен, әрине қалың қауымға арналмаған. Сол үшін массаның атынан Ермекке лағнет атудың керегі не. Ешкіңді жетелеп кет дегендей өте қатты сынап жатты үшбу сайтта. Бұл өнерді түсінбеушілік қана. Қолдан түкте келмей тұрып біреуді сынағанда алдымызға жан салмаймыз. Ермекті мақтамасақ та албаты даттамайықшы.

    Сөз соныңда қайтадан рахметімді айта отырып анау Біржан салды көрсететіндей мүмкіндігін бар ма деп қолқа салмақшымын.

  • Жұмыссыз жалқау:
    19 Желтоқсан 2009 - 1:08

    Аршат, фильмді оңай көруге мүмкіншілік бергеніңе көп рахмет.
    Кино маған үнады. Бір кешті өзіңмен дара қалып қарауға болатындай. Кинода қазаққа қатысты мін тағар ештеңе жоқ, айтып жүрген ермексіздерге фильмді түсірген ғана қазақ, онда ұлт туралы ештеңе жоқ, тек қана бір қазақтың режиссерлыққа талпысынының нәтижесі деп түсінген абзал! Келін рольіндегі өте тамаша қыз екен, болашағы жарқын болсын. Аллаһтан қорықпайма дейтіндерге айнаға қара деген жауап орынды сияқты…
    сонымен қатар көп сөйлеп, талқылағыштарға басқа ермек болмаса бұтағыңды кошайтта деген ниет. Ешкі керек болса базардан іздесін. Абай данышпан жөндемеген қазақты сен жөндейн деп пе едің, шешең…. деп бір рет жүйкемнің бар екенін сездіріп қояйын.
    Оскарға үсынылып жатса тиістісін алсын.
    Аршат, жарайсың бауырым, саған келгенде әйтеуір бір қызыққа тап келетінім мені қуантады. Өзіңдікіне бекем бол!
    Рахмет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
    Қазақфильм жасасын!!!

  • 2020:
    27 Желтоқсан 2009 - 14:15

    Режиссер киноға “нетісу” көріністерін әдейі қосқан ғой, шу шығып, жарнама болсын деген оймен. Атауын да “Келін” деп қойыпты.
    Негізі, ойы іске асты.

  • Qazaqbalasi:
    5 Қаңтар 2010 - 18:57

    Бұл фильмді түсіру үшін жұмсалған қаржыға, балалар үшін көркем немесе мультфильм түсірген де шығын болмас еді. Бұл фильмді көргендер енді қазақтарға инсест құмар, зоофил және мал халық екен десе мұның күнәсі осы фильмді түсірткенде, түсіргенде және көрсеткенде емес пе?

  • Gastarbaiter:
    5 Қаңтар 2010 - 22:54

    Атың шықпаса, Келін түсір. Елбасының көпвекторлы саясатын жақсы түсінген қазекемдер, әр салаға титтей де бір үлесін қосуға тырысып бағуда.
    Не болды сонша көре алмаушылыққа салынып? Әлі қаланам деген кірпіштерге тетіктер көп. Мәселен, қазақ порноиндустриясы игеретін адамға нағыз тыңайған жер, қып қызыл ақша, даңқ пен әбірей ғой!

  • AL-ASTER:
    22 Қаңтар 2010 - 18:22

    Отанында дауға қалған «Келін» фильмі АҚШ-тағы «Оскар» байқауының жартылай финалына шықты

    http://massagan.com/news.php?mod=news&id=4272&catid=3

  • Абылай-хан:
    4 Наурыз 2010 - 3:30

    Менинше,осы фильмнин астарында бабаларымыз Кок туркилерди мадениетсиз,адеп,салт-санасыз,намыссыз кылып корсету идеясы жатыр.Түркілер алемге мәдениет,өркениет жайған халық,оған ТАРИХ куә!!!
    Бұл фильм қазақ елине тикелей катысты және қазақты адеп,мадениеттен журдай кылып көрсеткісі келетіндер де көбейіп барады…!!!

  • Абылай-хан:
    4 Наурыз 2010 - 3:39

    Қытайдағы қандастарымыз түсірген “Көрікті мекен” фильмі мен біздің “Келіннің” арасы жер мен көктей шығар…”Көрікті мекендегі” келіннің образы нағыз қазақ келінінің образы дерсің!Ал мынау “неткеннен” баска түк білмейді екен өзі…

  • Айдана:
    16 Сәуір 2010 - 12:55

    Келін киносы мүлде ұнаған жоқ.Желкенішті.Бұрынғы кезде сондай жағдайлар болған шығар,бірақ оны барша неге қазақтар(неге басқа түркі тілдес халықтар түсірмейді ) жариялау керек? Неге монғолдар жарияламайды? Тәрбие алатын мәні 0%.Содан басқа тақырып жоқ сияқты қазақ та? Оны оскарға не істейміз ұсынып, ата-бабаларыдың сондай екеніне барша әлемге жариялаймыз ба?Келин киносы Қазақ қыздарының абыройын түсірген сияқты.
    Мен жек басым студент болғандықтан , маған менің достарыма, жалпы мен араласатын қоғамға ұнаған жоқ.Ойлайтын шығарсыздар, намаз оқиды деп ,өкінішке орай олай емес!

  • Айдана:
    16 Сәуір 2010 - 13:01

    Тағы мен.Кинода ролдіқазақтар ойнамаған,ойнамай-ақ та қойсын, ондай киноға дұшпанының да түсуін қаламас едім.

  • Рауан:
    26 Маусым 2010 - 9:11

    “Келін” фильмі жабайы адамдардың өмірін бейнелейтінге ұқсайды, қазақтың өмір-тіршілігіне мүлдем сәйкес емес.

  • zhallgas:
    5 Шілде 2010 - 2:05

    bauyrlar bul fil’m serezno real’no eken esli tusinip karasanyzdar.

  • Жанат:
    23 Шілде 2010 - 19:48

    Мәселе кинода емес сол қыздың орнында біреуіңнің қарындасың немесе әкпелерің ойнаса қайтер едіңдер. Сол әкпе-қарындастарыңды еңгезердей қара жігіт астында жатса көріп мәз болып отыра бересіңдерме?

  • Жанат:
    23 Шілде 2010 - 19:54

    Өгізге туған күн, бұзауға да туады. Европаға ұқсамайақ қойыңдар жоқ әлде ертең европалықтар шешелерімен ойнас қылса сендерде соны істейсіңдерме?


Пікір жазу

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым