»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Мемати
Ақпан 23, 2010 - Аршат

Мемати Көкжалдар мекенінде алдымен Сүлейман Чакырдың, кейін Полат Алемдардың оң қолы. Туған кезде шешесі қайтыс болғасын әкесі атын Мемати деп қойған. Араб тілінде Мемат – өлім деген мағынада екен. Кинода Мемати ешкімді аямайды, қиналмастан өлтіре салады. Көше ережелеріне берік, сол ережелермен өмір сүреді. Осы Мемати шын өмірде кім?

Гүркан Уйгун – 27 мамыр 1974 ж Сакарья облысында туған. Лицей жылдарынан бастап театрмен әуестенген. 1990 жылдан бастап әуесқой театрда ойнап, 1996 жылы сериалдарға түсе бастаған. Бірнеше сериалда ұсақ рольдер ойнаған. Оның ішінде қазақ көрерменге ең танымалы Асау жүрек шығар. Ал актер ретінде ол әрине Көкжалдар мекенінде танылды.

Гүркан Уйгунның жас кезіндегі және сыртқы өмірдегі суреттер:


21 пікір  
  • Тупак Амару:
    23 Ақпан 2010 - 11:20

    “Көкжалдар мекенін” түсірушілер Мематидің роліне дәл осы Гүркан Уйгунды тапқанына өкінбейтін шығар. Уйгун десе, Уйгун :)

  • Аршат:
    23 Ақпан 2010 - 11:26

    ана Эрхан мен Абдульхей нағашыларының балалары ғой, ағайын болғасын ала салған ау деймін Шашмаздар. ал мына Мемати действительно актер. негізі бұл киноға көбінесе театр актерлары түскен, кино актерлары емес. сондықтан жақсы шыққан сияқты.

    маған ең қатты ұнайтыны Мемати. және Булут. екеуінің диалогтары ваще! :)

    айтпақшы ана Мематидің әйелі біздің Анадолуда оқыған екен мен оқыған жылдары, Асмалы конактағы нургүл Йешилчай да бізде оқыған еді (тек жәй Анадолуда әдемі еді қыздар дегенім ғой) Измир 1, Эскишейир 2 деп босқа айтылмаған ғо :)

  • Нұрғиса:
    23 Ақпан 2010 - 11:31

    Не ғой… Нагиевке ұқсайды екен ана бір суретінде :) ))

  • Cәкенcпб:
    23 Ақпан 2010 - 12:36

    бу шехир гирдап гүлім……
    Мемати неге жұрттың бәріне “гүлім” дейді? еркегінеде, әйелінеде

  • Аршат:
    23 Ақпан 2010 - 12:57

    бізде жатақханада Юнус деген вахтер ағай болды. ол да солай бәріне гүлім деп сөйлейтін. қызық көруші едім басында, сөйтсем гүлім деп айтыла береді екен жынысына қарамай.

  • Gastarbaiter:
    23 Ақпан 2010 - 14:03

    Кино бәд бой болғанмен, өмірде типичный хач екен:)

  • Нұрғиса:
    24 Ақпан 2010 - 8:54

    Юнус ағайының гүлі болған түріңнен айналдым сол… кактусым )))

  • Рауль | Ақын… Періште… Махаббат…:
    26 Ақпан 2010 - 11:51

    [...] Аршаттың мына жазбасынан кейін, өзімнің кумир адамымды жазғым келіп кетті. Негізі кумир деу біраз артық шығар. Былайынша танымалдылардың арасында ерекше жақсы көретін талант иесі десе болады. Солардың бірі – Рауль Гонсалес. Мені жақсы танитын адамдардың көбі осы футболшыны жақсы көретінімді біледі. Бұл футболшыға симпатиям 1998 жылғы Әлем Чемпионатынан бастау алады. Сол кездері теледидардан чемпионатты тікелей емес болса да, көрсете бастаған уақыт, әйтеуір сол бір ойындарда Рауль көзіме түсіп, осы футболшыға мен «болеть» етемін деген едім. Бар ынтаммен Испания құрама командасына жанкүйер бола бастадым. Кейін 2002 жылы болған Чемпионатта Раульдің шарықтап тұрған кезеңі болатын. Испания құрамасы ширек финалға шығып, бірақ шешуші матчтардың бірінде Раульдің аяғы жарақаттанып, ол ойнай алмай қалды. Сол кезде Корея ма, Жапония құрама командасы алдыға шығып кеткен болатын. [...]

  • Aikona:
    1 Наурыз 2010 - 9:52

    Бұрындары қызыығып көретінмін. Әкем жақсы көреді осы сериалды.
    Мемати қатал адам болып көрінеді маған. Көп күле бермейді ғой.

  • Nurlitas:
    2 Наурыз 2010 - 19:36

    Көкжалдар мекені неге болмай кетті кім біледі жалғасын қашан көреміз?

  • Аршат:
    3 Наурыз 2010 - 8:22

    Долина Волков Западняның бірінші сезоны аяқталды. жалғасы қазір Түркияда болып жатыр, бізге жетуі үшін 3-4 ай керек шығар әлі.

  • Серик:
    3 Наурыз 2010 - 13:58

    Cok guzel bir filimdir. Ama biz kepsissini goremedik

  • Seter:
    3 Наурыз 2010 - 13:59

    31 канал көрсеткілерін келсе толық көрсетіңдер әйтпесе реклама жасағандарынды қойындар жарайма

  • Seter:
    3 Наурыз 2010 - 14:02

    Сондай бір жақсы киноны жалғасын көре алмай ашуланып жүрмин. Жүйкем тозып жүр. Соның барлығына 31 канал кінәлі!

  • Seter:
    3 Наурыз 2010 - 14:04

    Мемати болған соң білесін. Нен бар еди Мематидай адал дос табылмайды. Біреуді сынағанша өздерін дұрысталып алыңдар жарайма?

  • Nurlitas:
    4 Наурыз 2010 - 21:42

    31 каналдан бас аяғы жоқ бітіп қалды күнде күтіп жүріп көруші ем менің де жүйкем жұқарып жүр

  • Алтыградус:
    5 Наурыз 2010 - 2:21

    оо Аршат мына постқа рахмет. Театр актерлерінен жиналғаны қызық екен. Жалпы идеясы мықты фильм, ал диалогтары супер.. Саясаттың әртүрлі жақтарын көрсететін моменттері керемет..
    түрік сериалдарына типичный Полат Алемдар деген супер герой болса да, оқиға желісі арқылы еш жалықтырмайды.
    Мемати осы рольге күшті таңдалған не болса да, ұмтылмайтын образ

  • Аршат:
    5 Наурыз 2010 - 8:58

    Қыздардың да қарап жүргендері қуантады.

    31-каналға ренжитін ештеңесі жоқ. cериалдың бір сезоны бітті. жалғасы қазір Түркияда болып жатыр, ол біткесін бізге келеді. түрікшесін қараймын десеңдер алдыңғы жазбаларда сілтемесін бердім.

  • Маулен:
    18 Наурыз 2010 - 14:37

    Қалған серияларын қашан экранға шығарасыздар.

  • Kuralbek:
    18 Наурыз 2010 - 16:50

    Халайық! Сериалдың (яғни Көкжалдар мекені – Тұзақ) бірінші сезоны шынымен бітті. Түрік телеарнасынан (SkyStar) тап қазіргі уақытқа дейін 82 сериалын көрсетті. Ол дегенім түрктердің өздері де ынтыға күтеді. Себебі сериал Түркияның өзінде де аптасына бір ақ рет болады. Ал түрікшеге икемі келетін адамдар көргісі келсе, онда өзіміздің кивиде де бар. http://www.kiwi.kz Іздегенде былай іздесеңдер болады: kurtlar vadisi pusu 66

  • Жаз::
    1 Сәуір 2010 - 15:38

    Көкжалдар мекенін 1ші сериясынан бастап көрген едім. алғашқыларына қарағанда “Көкжалдар мекені тұзақ” өте қызықты әрі нанымды.Ұтатыны өмірге жақындығы. Бұл жерден режиссер мен сценарийстің ұтқыр ойлы әрі өте шебер екендігін байқауға болады. Естуімше бұл фильм аяқталмайды. Әлі де талай “Көкжалдар мекені” түсіріледі-мыс. Себебі сериялдағы сюжеттердің барлығы журналистердің зерттеу мақалаларының жиынтығының негізінде болған оқиға желісінде түсірілген. Сериялдың басында оқиғалардың бәрі ойдан шығарылған деп ескертуінің себебі де содан болса керек. Дәл қазір нағыз мафия серкелерімен теке тірес, сыртқы саяси науқанның шиеленісіп қайнаған тұсында бұл фильмнің де түсірілу науқаны қыза түспек. Түрік халықтарының өз сөзімен айтқанда түрік халқының шынайы өмірін бейнелейтін жалғыз фильм әлі талай ұрпаққа азық болады. Бәрін айт та бірін айт, ұлттық идеологияның иісі аңқып тұрған осындай сериялдың тым болмаса екі сериясын түсіру қазақтың қолынан келмей кететін болды ғой… Ең дұрысы 70 серияның жалғасы “Көкжалдар мекені Гладионы” жүйкесі жұқа жерлестеріме көрмей ақ қоюға кеңес берер едім. Себебі оны көріп отырып қаның қайнайды. Киноның қысқаша сюжеті: Әбден есінен адастыратын дәрінің зардабынан Абдулхей Ескендірге қызмет етіп, Жанполаттың барлық құпиясын ашып беред.


Пікір жазу

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым