»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Мен туралы

Сәлем!

Менің атым Аршат.

Ақтөбелікпін.

Жасым 28-де.

Отбасылымын, 1 ұлым бар.

Көп жылдан бері сайт жасаумен айналысамын. Өз мамандығым болмаса да кәсібім осы. Жеке тұлғаларға, фирмаларға, БАҚ өкілдеріне сайт жасаймын. Бұрын жасалған жұмыстарымды осы сайттан қарауларыңызға болады.

Олардың басым көпшілігі жергілікті ақтөбелік фирмалардың сайттары, жеке блогтар және “Ақтөбе”, “Актюбинский вестник”, “Алаш айнасы” газеттерінің сайттары.

Соңғы жасалған сайттардың бірі – “Дастан” студиясының сайты. Бұл сайтты тұрақты жаңартумен де айналысып келемін.

Сұрақтарыңыз, пікірлеріңізді Қонақ кітабына жазыңыз. Егер тез әрі арзан сайт жасауға тапсырыс бергіңіз келсе сайттағы Байланыс бөлімі арқылы хабарласыңыз.


21 пікір  
  • Ляззат:
    24 Қараша 2009 - 23:33

    Аршат, қал-жағдайың қалай? Жеке сайтың құтты болсын! Кәсібің табысты болсын. Отбасың, ұлың бар екенін біліп отырмын. Барлық жақсылықтарды тілеймін. Лидаға сәлем айтарсың.

  • Нұрғиса:
    26 Қараша 2009 - 11:25

    Ағарыпсың. Ағарған ішіп жүрсің бе? Маған құнары сүзіліп алынбаған ауылдың айраны ұнайды. Сүтті де жақсы ішем. Әсіресе, ыстық сүтке нан турап жеген жақсы ма деймін. Тетрапакетте айлап, іріп кетпей, “бұзылмай” тұратын сүттерге “сенбеймін”. Аршат тәуір одмин.

  • Айберген:
    27 Қараша 2009 - 9:00

    Ауырма, сау бол бол бауырым!!!

  • Аршат:
    30 Қараша 2009 - 17:43

    Рахмет Ләззат апа! Сіз Алматыдасыз ба? Лидаға айтамын сәлеміңізді.

  • Аршат:
    30 Қараша 2009 - 17:44

    Сүт және сүттұқымдас өнімдерді жақсы көрмеймін Нұрғиса құрдас. Біздікі ет пен картоп қо.

  • Аршат:
    30 Қараша 2009 - 17:44

    Сен де аман бол Айберген бауыр. Келіп тұр.

  • Жұмыссыз жалқау:
    3 Желтоқсан 2009 - 15:54

    Қазақтағы алдыңғы қатарлы саит болар веборынтағыңыз, көптен көріп тұрғаным…
    Әдемі екен…
    Сәттіліктер мен таусылмас идеяағымдарды сіздің бағытыңызға қарай шынайылықпен энтерит еттім.

  • Аршат:
    3 Желтоқсан 2009 - 16:03

    Рахмет лебізіңе жұмысқа ерініп жүрген жігіт! Мақсатым Wordpress жүйесін насихаттау, жаңадан үйренушілерге көмектесу. Келіп тұр.

  • Жұмыссыз жалқау:
    3 Желтоқсан 2009 - 18:26

    Шақыруға көп рахмет, кеп тұрам.
    …Ол жүйені насихаттаудың тиімділігі неде?

  • halmurat:
    19 Желтоқсан 2009 - 15:52

    Бар бол бауырым, ісіңе сәт!

  • ZhanAsh:
    6 Қаңтар 2010 - 15:22

    ой Аршат картоппен ет дегенде сілекейім ағып кеттіго сол тамакты жегім кеп.Сізбен қалай байланыса аламын мумкіндік болса агент аркылы болса деймін да?

  • Тоты:
    28 Қаңтар 2010 - 8:25

    Сәлем,Аршат! Блогыңа қонаққа келіп қалдық. Біраз мақалаларыңды оқып отырып,*Арулар* сайтын ашқаның есіме түсті. Қазақ сайттары тым аз кезеңде, сүйікті сайтымыздың бірі болатын. Жұмысыңа жеміс тілеймін!

  • Жансулу:
    4 Ақпан 2010 - 16:27

    қызық екен!

  • Тұрмағанбет:
    10 Ақпан 2010 - 20:51

    Блогтағы тақырыптармен пікірлерді оқып, рахаттанып қалдым. Көптен дәл осындай шынайы пікір алмасуларды оқымап едім. Сау бол, бар бол, Аршат бауырым! Қуырылған етпен картоп көп болсын!

  • Кыртынбай:
    23 Ақпан 2010 - 21:43

    Амигос Аршат! Мықты адамсыз, барғой!

    Неғой ана недеушет, дастан сайты жайлы, да вобщым интернеттегі қазақша андер сайты …

    Андерды нягып нармальни есы дурыс сайт ашып сояха салмаска? а? Дастаннын андерын дурыстап жартылай кемсік қылмай 192 256 сапада салсаныз …

    негізі қандай ойдасыз, ең бастысын білівалайн дегенім, содан кейін кете бередіғой ангыме ;)

    пс. шын аз …

  • Аршат:
    25 Ақпан 2010 - 14:32

    Қате адамға жазып отырған жоқсың ба? Мен Дастан студиясының иесі емес едім, сұрақтарыңды сол кісіге жаз.

  • Маратхан:
    28 Ақпан 2010 - 2:26

    Explorer-дің бесінші нұсқасында да дұрыс көрінбейді екен)))

  • ROLLAN:
    12 Мамыр 2010 - 16:22

    КАЗАК АУДАРГАНЫН ДУРЫС WORDPRESTІ ЖАСАГАН САЙТТАРЫН ТОМЕН РЕНЖИМЕ МЕН САГАН ПРОГРАММИСТ РЕТИНДЕ ЖАЗЫП ОТЫРМЫН ДУРЫС КУПТАЙМЫН КАЗАҚ САЙТТАРЫН ЖАСАГАНЫНА ОДАНША ЖАРАЙД КОРЕЙК КАЗАК ПРОГРАММИСТТЕРЙ ЖИНАЛЫП НЕГЕ ОЗИМИЗДИН cmS ЖАСАП ШЫГАРМАСКА

  • Makhsat:
    15 Мамыр 2010 - 5:24

    Assalaumagalikum

    iste sattilik! Kazakh internet salasynda at sahlysyp jurgenizge rizalygymdy bildirem!

    http://www.maxikz.com

  • Makhsat:
    15 Мамыр 2010 - 5:33

    Bul arada ROLLAN jazgan pikirine azda bolsa hatysam birah menim blogyma(http://blog.ayaldama.com/) koz sholuynyzga shahyram ROLLAN.
    Webmaster S.M

  • Талғат:
    4 Маусым 2010 - 13:25

    Аршат калың калай? Жұмыстарың жүріп жатыр ма? Сенен бір нәрсе сурайын деген едім. Қазіргі кезде ЖШС мен БАҚ өкілдеріне сайт жасаймен айналып жатыр екенсің. Соның бағасын каншадан жасап жатырсың? Өзің “арзан сайт жасатқыңыз келсе, хабарласыңыз” деген соң саған хабарласып жатқаным. Сайт жасау үшін қанша қаржы керек болады. Соны өзіңнен білейін деген едім. Сенен жауап кутемін.


Пікір жазу

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым