Жақында Ақзеренің блогында түрік сериалдары және “Көкжалдар мекені” сериалының еврейлермен конфликті туралы мақала жарияланған еді. Сериалдың фанаты ретінде осы оқиғаның қалай болғанын және фильмді жасаушы Panafilm’нің баяндамасын сіздермен бөліскім келді.
“Көкжалдар мекені Тұзақ” сериалының 75-ші сериясында Полат Алемдар Мематидың ұлын құтқару үшін израиль елшілігіне шабуыл жасайды, “Бұл жер басқа мемлекеттің жері. Бұл істегеніңіз соғыс қылмысы” деген еврейге “Соғыс қылмысын тек сіздер ғана жасау керексіздер ме?” деп жауап беріп, атып тастайды.
Осы көріністің видеосы:
Осыдан кейін израиль сыртқы істер министрі тел-авивтегі Түрік Елшісін шақырып алып, ренішін білдірген екен.
Panafilm өз сайтында мынандай баяндама жасады:
Израиль БҰҰдан бастап бірнеше халықаралық адам құқықтары ұйымдарының дайындаған рапорттарында соғыс қылмыскері ретінде жарияланды.
Израиль басшыларының Палестина балаларына істеп отырғандарын Израиль халқы және бүкіл әлем көріп отыр. Палестиналық балалар ең басты өмір сүрі құқықтары тамақтану, денсаулық, білім алу құқықтарынан мақрұм қалуда. Біріккен Ұлттар байрағы астындағы балаларды бомбалаудан тартынбай отырған Израиль үкіметі неге “Көкжалдар мекені” сериалында істегендерінің көрсетілуіне ренжиді?
“Көкжалдар мекені Ирак” фильміндегі израильдік бір дәрігердің орган сату ісіне қатысты көріністері сыналып, мұның өтірік екені туралы айтылған еді. Бірақ азғана уақыттан кейін израильдік басылымдардың өздері мұның шын екенін жазған болатын.
Израиль үкіметі аюуандық істерінің жария етілуін дипломатикалық жолдармен жабудың орнына Палестина балалаларына істеп отырған зұлымдық әрекеттерін тоқтатуы тиіс.
Көкжалдар мекені шындықты айтуды және бұрыс әрекеттерді көпшілікке жария етуді жалғастыра беретін болады.
Оригиналы мына жерде
Осы баяндамадан кейін сериалдың сценаристерінің бірі Бахадыр Өзденер әлі талай айтылатын нәрсе бар, осы туралы “Көкжалдар мекені. Палестина” атты фильмнің дайындықтарына бастап кеттік деген мәлімдеме жасады!
