»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Бізден үйрену керек!
Ақп 18, 2010 - Аршат

Ойлаймын да осы біз басқа елдерден мықты сияқтымыз, олардан тапқыр, олардан пысық сияқтымыз. Неге басқалар бізден үйренбейді екен? Мысал ретінде кейбір тақырыптарды айта кетейін.

Шетелдік газеттердің штатында көп журналист болады. Әр қайсысының жеке тақырыбы бар жазатын. Ал бізде журналистер универсал! Кез келген тақырыпта жаза алады. Тек редактор бұйырса болды. Тіпті қыздар спорт тақырыбында да жаза алады. Журналистиканы бізден үйрену керек!

Шетелдіктер спорттық жарыстарға қатты дайындалады. Бірақ спортшылардың бәрі медаль ала бермейді ғой, тіпті мүлдем ала алмауы мүмкін. Босқа олардың дайындығына ақша құртқанша ұйымдастырушы жақтың бір адамына сый-сыяпат беріп, спорттық болмаса да басқа жетістіктен біздің мықты екенімізді жария етуін өтінуге болады. Мысалы спорттық киімдерің жұрттікіне қарағанда жынды екен деп айтса, оның өзі үлкен дәреже емес пе? Спортты басқаруды бізден үйрену керек!

Біреулер дүниенің бар қызығынан баз кешіп, дін жолына түседі. Дұрыс-ақ. Бірақ намаз оқымай ақ та мұсылман бола беруге болады ғой. Ниетің түзу болып, жүрегің таза болса болды емес пе? Күнәлар болып жатса, анда санда мешітке соғып садақа тастап, типа сатып ала салуға болады ғой сауапты. Мұсылмандықты бізден үйрену керек!

Рэп музыка ұнатасыз ба? Мен ұнатамын. Әрине тек өзіміздің отандық рэп тыңдаймын. Жақында шетелдік бір рэп тыңдадым. Боқ! Гаста айтқандай мұңайған боқ! Судырлатып оқыды да шықты. Ау көке, шамалы лирика қоспайсың арасына? Құр оқи бермей кәдімгі романтикалық ән, поп музыка элементтерін қосу керек қой. Орындаушының атына қарадым, алдында МС атағы жоқ екен. Әрине, мұндай атақты алу оңай дейсің бе, көп еңбектену керек, біздің рэперлер сияқты. Рэпті бізден үйрену керек!

Шетелде идеяға көп ақша төленеді екен. Иә, кәдімгі адамның басындағы ойға, идеяға. Қызық әй, босқа ақша төлеп не керек? Идея жоқ болса жұрт не шығарады соны шамалы түзетіп, көшіріп ала қоюға да болады ғой. Талай тележобалар шығарған жоқпыз ба мысалы? Идеяны бізден үйрену керек!

Түріктердің ТРТ деген мемлекеттік каналы Олимпиаданы көрсетіп жатыр. Бірақ түріктер олардың көрсеткен бейнесі анық емес, комментаторлары нашар деген сылтаулармен басқа арналардан қарауда ойындарды. ТРТ мұндай оңбағандарды патриоттыққа үйрету мақсатында елде көрсетіп тұрған барлық шетелдік каналдарды Олимпиада біткенге дейін жауып тастауы керек еді. Бізде солай, ақшасын төлеп қойсаң да кабельдік телевидениедегі Олимпиада көрсететін каналдарды қарай алмайсың. Патриоттықты бізден үйрену керек! Нақты!

2010-ға журналистік шаблондар
Қаң 14, 2010 - Аршат
Журналистер мақалаларын тапсыруда

Журналистер мақалаларын тапсыруда

Қазақша газет-журнал оқымаймын. Оқып болдым өйткені. Не жазатындары бұрыннан белгілі. Ол шаблонды бұрынғы журналист ұрпақ жасап берді, кейінгі жас журналистер оны сәтті жалғастырып келеді. Ал кейбір жас журналистер бұл шаблонды көрмеген болуы мүмкін, ізденісте болуы мүмкін, жазатын тақырып таба алмауы мүмкін. Сондықтан белгілі шаблондарды және осы жылы болып қалуы мүмкін оқиғаларды алдын ала болжай отырып журналистерге арналған шағын тақырыптар тізімін жариялағым келіп отыр. Бұл тақырыпты көптен бері жазғым келіп жүрген, Нұрберген Мақымның блогындағы бүгінгі мақаладан кейін одан сайын жазғым келіп кетті. Біздің қазақ журналистер қазақ, қазақтық және қазақ тіліне қатысты жазса редактордан және оқырманнан үлкен респект алатынын біледі, сондықтан осы тақырыптарда жазылады көбінесе.

14 ақпан Ғашықтар күні.
Бұл тақырыпты жазбаған журналист өзін өзі сыйламайтын журналист. Міндетті түрде жазу керек бұл мейрам бізге жат деп. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу бар емес пе ептібайымайттар ау дегенді де қосып қою керек.
Толығырақ оқу »

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым