Ертай досым Жаңа жылдың алдында мындай сұрақ жіберіпті:
Жана жыл дегенде кандай устанымда боларымды билмей дал болам!
Бир топ “жана жыл християндар мерекеси. Мусылмандарга тойлауга рухсат етилмейді” дегенди айтады. Жане негизсиз соз емес!
Енди бир топ “Калай айтсак та жылдын аякталып жатканы рас. Жане жана жылдын табалдырыкты аттап киргенли турганы да рас. Сондыктан адам келер жылды куанышпен карсы алу керек” дегенди алга тартады… Бул да отирик емес!
Озиме келер болсамб ес билгели уиимизге жасыл шырша орнатып, айрыкша ман болип карсы алып келемиз…
Дал казирги уакытта мерекелердин тореси деп айта алмаймын… Маган жыл ауысып, жана сандардын тизиле калары конилиме тагы бир жылга есеип, тагы бир жылга омиримиз кыскарды … деген ойлар келеди…
Жана жылды жаксы ниетте карсы алган жаман емес шыгар?!
Ал наурызымыздын орны кайда калды?
Осы туралы бир созбен туйин айта аласыз ба?
Жауабымды кеш болса да осы жерге жазайын:
Жаңа жыл келе жатқан кезде және Наурыз жақындағанда қазақ БАҚы және интернеті жыл сайын шулайды. Бұл дәстүр болып кеткен. Жыл сайын жалықпай осыны жаза береді, жаза береді. Бәрібір Жаңа жыл тойлана береді, тойлана береді. Өйткені бәрібір сол күнтізбемен өмір сүріп келеміз, қазақ күнтізбесімен емес. Сондықтан өзім үшін айтар болсам, Жаңа жылды атап өтемін. Жаңа жыл өйткені жаңа жыл. Өткен жыл аяқталып, қортындылар шығарылып келе жатқан жаңа жылға жаңа жоспарлар құрып, үміт күтесің. Ал Наурыз туралы бұрын да жаздым бірнеше жерде, біз Батыс Қазақстанның біраз бөлігі Наурызды бұрыннан бері тойлап келеміз. Бізде ол 14 наурызда тойланады. Совет үкіметі кезінде де солай. Бала кезімізде осы күнді асыға күтіп, таңертең тұра салысымен алдымен үйдегілермен көрісіп шығып, сосын көрші-көлемді аралап келетінбіз. Үлкендер де үйге кіріп көрісіп шыққан балаларға алдын ала тәттілерін дайындап қояды. Бізде Көрісу деп аталады бұл. Ал сендер тойлап жүрген Наурыз кейін шыққан нәрсе ғой 1991ден кейін. Сондықтан болар басқаларға қатты ыстық көрінетіні, тәуелсіздікпен келді деп. Ал бізде бұрыннан бар болғасын өзіміздің Наурызымыз ыстығырақ.
P.S Жаңа жылды отбасыммен қарсы алдым. Әдеттегідей концерт қараумен өтті уақыт. Хабардың бағдарламасы өте нашар болды. Шаншардағы қыз бен екі клоунды жюри ма бірдеме қылып қойған, сосын басқалары келіп солардың алдында концерт қояды. Түк қызық емес, сценарист у ішіп өлгені дұрыс. Қазақстан каналынікі жақсы болды. Хабарды Назарбаев сөйлеген кезде бір рет қостым. Қалған уақыт орыстарды қараумен өтті. Жаман болса да қазақтікін қарау керек дейтіндей мазохист емеспін.