Өзімнің блогым » 2010

2010-ға журналистік шаблондар
Журналистер мақалаларын тапсыруда

Қазақша газет-журнал оқымаймын. Оқып болдым өйткені. Не жазатындары бұрыннан белгілі. Ол шаблонды бұрынғы журналист ұрпақ жасап берді, кейінгі жас журналистер оны сәтті жалғастырып келеді. Ал кейбір жас журналистер бұл шаблонды көрмеген болуы мүмкін, ізденісте болуы мүмкін, жазатын тақырып таба алмауы мүмкін. Сондықтан белгілі шаблондарды және осы жылы болып қалуы мүмкін оқиғаларды алдын ала болжай отырып журналистерге арналған шағын тақырыптар тізімін жариялағым келіп отыр. Бұл тақырыпты көптен бері жазғым келіп жүрген, Нұрберген Мақымның блогындағы бүгінгі мақаладан кейін одан сайын жазғым келіп кетті. Біздің қазақ журналистер қазақ, қазақтық және қазақ тіліне қатысты жазса редактордан және оқырманнан үлкен респект алатынын біледі, сондықтан осы тақырыптарда жазылады көбінесе.

14 ақпан Ғашықтар күні.

Бұл тақырыпты жазбаған журналист өзін өзі сыйламайтын журналист. Міндетті түрде жазу керек бұл мейрам бізге жат деп. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу бар емес пе ептібайымайттар ау дегенді де қосып қою керек.

Қысқы Олимпиада.

Әлбетте ешқандай медаль алмаймыз. Сондықтан бәрін сынап, боқтап жазу керек. “Ақша қайда кетіп жатыр, неге басқа жақтан спортшы шақырамыз өзіміздің қаракөз қандастарымыз кімнен кем” деп жазу керек.

Наурыз мейрамы.

Бұл туралы кеңінен жазу керек. 1 қаңтардағы Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып келеді, қашан дұрыстап тұрып тойлаймыз деген сипатта.

Жаңа кино.

“Келіннен” кейін тағы да бір скандал фильм шығып қалуы мүмкін. Келін туралы былтыр жазып үлгере алмағандар биыл ұйықтап қалмай тез жазулары керек.

Қазақ емес чемпиондар.

Былтырғы Седов, Чиншанло, Раковтар сияқты биыл да бірнеше спорт түрінен алтынмен оралатын спортшылар болады. Ұлты қазақ болмағасын қатты қуануға болмайды. Қуанғаныңды білдірмей “эххх қазақ болғанда ғой” дегенді қосып қою қажет.

Екі жұлдыз.

Биыл тағы да болады. Биыл тағы да сынап жазу керек қазақша білмейтіндерді, қазақша ән айта алмайтындарды, жүргізушілерді.

Тәуелсіздік күні.

Бұл мерекені де дұрыс тойламаймыз деп жазыңдар. Бұл тақырып әлі біраз жылға азық болады.

Футбол.

Биыл ұлттық құраманы тағы да фиасколар күтіп тұр. Футболды түсінбесеңдер де жаза беріңдер бәрібір ешкім түсінбейді. Ал Ақтөбе биыл тағы да чемпион болады, сіздердің өкініштеріңе орай жасы асқан орыстарды жіберіп, орнына жас қазақтарды алып жатыр. Сонда да бір кем жерлерін табарсыздар деп сенгім келеді.

Мына тақырыптарды естен шығармаңдар:

ОБСЕ-ге төрағалық.

Назарбаевқа 70 жас.

Ұлы Жеңіске 65 жыл.

Футболдан Әлем чемпионаты (жоғарыда айтқанымдай түсінбесеңдер де жаза беріңдер)

Сосын мысалы сәуір сияқты айларда көп маңызды оқиғалар бола бермейді. Сол кезде интернет кезіп, қазақша блогтардан мақала ұрлап жазған дұрыс әрі пайдалы. Бәрібір оны ешкім тексеріп жатқан жоқ, редакторың онсыз да топас (сенің оған жының келетіні рас қой, ә?)

Аз деп ренжіме жас журналист. Қалған тақырыптарды блоггер коллегаларым жазып береді қазір.

Жаңа жыл дегенде…
Ертай досым Жаңа жылдың алдында мындай сұрақ жіберіпті:

Жана жыл дегенде кандай устанымда боларымды билмей дал болам!

Бир топ “жана жыл християндар мерекеси. Мусылмандарга тойлауга рухсат етилмейді” дегенди айтады. Жане негизсиз соз емес!

Енди бир топ “Калай айтсак та жылдын аякталып жатканы рас. Жане жана жылдын табалдырыкты аттап киргенли турганы да рас. Сондыктан адам келер жылды куанышпен карсы алу керек” дегенди алга тартады… Бул да отирик емес!

Озиме келер болсамб ес билгели уиимизге жасыл шырша орнатып, айрыкша ман болип карсы алып келемиз…

Дал казирги уакытта мерекелердин тореси деп айта алмаймын… Маган жыл ауысып, жана сандардын тизиле калары конилиме тагы бир жылга есеип, тагы бир жылга омиримиз кыскарды … деген ойлар келеди…

Жана жылды жаксы ниетте карсы алган жаман емес шыгар?!

Ал наурызымыздын орны кайда калды?

Осы туралы бир созбен туйин айта аласыз ба?

Жауабымды кеш болса да осы жерге жазайын:

Жаңа жыл келе жатқан кезде және Наурыз жақындағанда қазақ БАҚы және интернеті жыл сайын шулайды. Бұл дәстүр болып кеткен. Жыл сайын жалықпай осыны жаза береді, жаза береді. Бәрібір Жаңа жыл тойлана береді, тойлана береді. Өйткені бәрібір сол күнтізбемен өмір сүріп келеміз, қазақ күнтізбесімен емес. Сондықтан өзім үшін айтар болсам, Жаңа жылды атап өтемін. Жаңа жыл өйткені жаңа жыл. Өткен жыл аяқталып, қортындылар шығарылып келе жатқан жаңа жылға жаңа жоспарлар құрып, үміт күтесің. Ал Наурыз туралы бұрын да жаздым бірнеше жерде, біз Батыс Қазақстанның біраз бөлігі Наурызды бұрыннан бері тойлап келеміз. Бізде ол 14 наурызда тойланады. Совет үкіметі кезінде де солай. Бала кезімізде осы күнді асыға күтіп, таңертең тұра салысымен алдымен үйдегілермен көрісіп шығып, сосын көрші-көлемді аралап келетінбіз. Үлкендер де үйге кіріп көрісіп шыққан балаларға алдын ала тәттілерін дайындап қояды. Бізде Көрісу деп аталады бұл. Ал сендер тойлап жүрген Наурыз кейін шыққан нәрсе ғой 1991ден кейін. Сондықтан болар басқаларға қатты ыстық көрінетіні, тәуелсіздікпен келді деп. Ал бізде бұрыннан бар болғасын өзіміздің Наурызымыз ыстығырақ.

P.S Жаңа жылды отбасыммен қарсы алдым. Әдеттегідей концерт қараумен өтті уақыт. Хабардың бағдарламасы өте нашар болды. Шаншардағы қыз бен екі клоунды жюри ма бірдеме қылып қойған, сосын басқалары келіп солардың алдында концерт қояды. Түк қызық емес, сценарист у ішіп өлгені дұрыс. Қазақстан каналынікі жақсы болды. Хабарды Назарбаев сөйлеген кезде бір рет қостым. Қалған уақыт орыстарды қараумен өтті. Жаман болса да қазақтікін қарау керек дейтіндей мазохист емеспін.

Бақты байитын жыл болсын!
Епті байымайд, бақты байид демекші Жаңа жылда бақ, бақыт және байлық тілейміз!

Алдағы он жылдыққа жорамал
Алда 2010 жыл келе жатыр. Жаңа он жылдық басталады. Сол 10 жылдық ішінде Қазақстанда болатын кейбір жағдайларға өз жорамалымды ұсынбақпын. Нострадамустық болжамдар емес әрине, өзімнің жеке ойым.

Электронды коррупция

Сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрі пайда болады. Бұнымен күрес науқаны басталады сосын. Негізі қазір де мен ойлаған жолмен ақша істеп жүргендер бар шығар бірақ әлі дами қойған жоқ. Мұны дамытпай алдын алуға да болады. Жолдарын білемін. Бірақ әзірше ол ешкімге керек емес, яғни қазіргі жемқорлық азая бастаған кезде жаңа түрі біраз уақыт қолданылғаны біреулер үшін тиімді. Өйткені қазір коррупция азайды, күрес жүріп жатыр деп жатырмыз. Бірақ осы уақытқа шейін жейтіндер жеп қалды, сондықтан әрине күрес жүргізеді. Ал олардан кейінгі жас корруционерлер әлі жеп үлгерген жоқ. Сондықтан біраз уақыт электронды жемқорлық бола тұрады Қазақстанда. Ол қалай болады?

Қазір төлем терминалдары көбейіп келеді. Тек қана телефонға ақша салу емес, интернеттегі көптеген электронды шоттарға ақша салуға болады. Webmoney, Paypal сияқты электронды ақша жүйелері де дамып келеді. Міне осындай электронды ақшалар арқылы параны да электронды түрде алуға болады. Ал ол ақшаны қағаз ақшаға аударып алу да қиын емес. Электронды ақшаның үстіне көрінбейтіндей қылып “Взятка. Пара” деп те жаза алмайсың. Жалпы интернет арқылы жіберілген ақшаны пара ретінде дәлелдеу де қиын. Білетін адамға артын жауып отыру, мүлдем із қалдырмай алу да оңай. Сондықтан осыларға сүйеніп осындай жорамал айтып отырмын.

Терроризм

Қазақ діни сауатсыз халық. Аңқау елге арамза молда демекші қазаққа біреу дін туралы “лечить” ете бастаса қазақ соған сеніп қалады. Осындайлардың арқасында көптеген жастар әр түрлі секта, ұйым, жамағаттардың құрамында жүр. Бәрі өздерін дұрыспыз деп есептейді. Бірін бірі жамандайды. Осындайдың салдарынан менің ойымша болашақта діни бөлінулер басталады. Мысалы біреулер Яссауиді пайғамбар санап, халықты Түркістанға 3 рет әкеліп қажы атандырғысы келіп жүр. Әулие, әруаққа табыну бар. Аллаға емес емші-балгерге сенеді халық, нағыз үлкен ширктің ішінде жүр қазір қазақ. Нағыз шын мұсылмандардың үгіт-насихаттарынан гөрі терроризмге жақын ұйымдардың насихаттары басым сияқты. Біреулердің ойыншығы екендерін білмейтін бұлар қазір соғысқа дайындалып, террорға үйреніп жүр. Алғашқы нысаналары шетелдік компаниялар одан кейін ішкі істер, үкімет органдарына да шығатын шығар. Мақсат қоғамда үрей пайда болдыру, қорыққан халықты, үкіметке сенбейтін халықты басқару оңай. Қазірден бастап терроризмнің түп тамырымен құртпасақ кейін біз де терроры бар елдердің бірі болып кетуіміз мүмкін.

Гей-парад

Бұрынғыдай емес еркектерде қыз мінезділік, ұяңдық, нәзіктік көбейіп бара жатыр. Бұған ТВнің әсері көп. Жұрт солардан көреді, соған еліктейді. Шоу бизнестегі “жұлдыздарды” көріп “пидор” дегеннен басқа ештеңе ойламайсың. Тек қана шоу бизнесте емес мемқызметте де солай. Тек қана бұлар емес қарапайым халықтың ішінде де бар. Қысқасы “пидорлар” арамызда! Бұлар әрине қазір өздерін афиша қылмайды. Бірақ Ресейдегі оқиғалар кеш болса да бізге келеді. Біреулер өзіне жарнама үшін, біреулер өз беттерімен, біреулер шантаждың кесірінен гомосексуалист екендерін мойындай бастайды. Халық та бұған түсіністікпен қарайтын болады, қазақ сондай ғой, біреуге аяушылықпен қарауға шебер халық. Алматыда алғашқы гей-парад туралы әңгімелер бастала бастайды. Әрине бұған көпшілік наразылықтарын білдірсе де оқиға жарнамаланады, гейлер мойындала бастайды.

P.S әрине әр түрлі тақырыптарда жорамал көп қой. мен тек мені қатты мазалап жүрген басты тақырыптарды жариялауды жөн көрдім.