
Замандас сайтындағы Ермек Тұрсыновтың (Келіннің режиссері) интервьюін оқыдым. Көптен бері мұндай қызық сұхбат оқымаған шығармын. Айтқан сөздеріне риза болдым. Иә, кино тұрғысында мәмбетпін. Оны Ақзеренің жазған пікіріне жауап ретінде айттым. Бірақ, киноны неге соншама скандал қылып шулағандарын түсінбеген едім. Шу көтерген көтриоттарға (copyright Gastarbaiter) режиссер жақсы жауап берген екен. Үзінділер:
Сынап, шу көтергендер туралы:
мәселенің басын ашып алайықшы: тыйым салған кімдер? Төрешілер ме? Неге олар басқалардың атынан шешім қабылдайды? Оларға мұндай құқықты кім берді? Өйткені кинотуынды жайлы оң пікірлер де жоқ емес. Тіпті олардың саны басым. Мысалы, біздің еліміздің атынан осы картинаны халықаралық жүлдеге ұсынған ҚР Оскар комитеті бар. Бұл комитеттің мүшелері кімдер? Сатыбалды Нарымбетов, Асанәлі Әшімов, Баурыжан Нөгербек, Гүлнара Әбікеева және басқа да азаматтар. Сонда олардың бәрі топас, азғындар ма?
Толығырақ оқу »