
Өткен апта іске қосылған соңғы жұмысымыз “Мұқағали журналының” сайтын Қазнеттегі танымал эксперт Ляхов өзінің “Горячие блины Казнета” жобасында атап өтіпті. Жәй ғана атап өту емес, басты блин ретінде яғни қара уылдырық қосылған блин ретінде көрсетіпті. Бұл Ерлан екеуіміз үшін үлкен мақтаныш. Сол қуанышымызды бөлісіп жіберейін дедім.
Иә, дизайн сәтті таңдалып, жақсы редакцияланды. Бірақ сайттың болашағы қалай болатынын білмеймін. Журнал басшылары интернеттен алыстау болса керек, басында сайт адресі mukagalijurnaly.kz болсын деді. Өйткені mail.ru-дағы адрестері сондай екен. Сосын дизайны ұнамай қалды, блокнот сияқты екен деді. Олардың ойынша Жасалаш, Айқын, Абай кизет сияқты “грандтардың” өткен ғасырда король болған PHP-Nuke стиліндегі шаблондарындай болуы керек екен. Біз доменді де қысқаша болуына және осындай дизайнды қалдыруға көндірдік. Енді тек ішкі контенті уайым болып отыр. Журнал редакциясы мазмұнына көп көңіл бөліп, алдағы уақытта Қазнеттегі пайдалы ресурстардың бірі болуын тілеймін.