»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Вордпресске хостинг
Қаң 19, 2010 - Аршат

Көптен бері Хостер.кз хостингін қолданып келемін. Технология дамыған сайын, оны қолдайтын, қолданушылар да дамитыны сөзсіз. Вордпресс жүйесі де қатты дамып келеді. Мүмкіндіктері де көп қазір. Жәй ғана блог емес үлкен жаңалықтар порталы да істеуге болады. Айналмалы суреттер көп қолданылады қазіргі Вордпресс шаблондарында. Міне осындай шаблон қолданғыңыз келген кезде сіздің хостингіңіз жарамай қалуы мүмкін. Жоғарыда айтып өткен Хостер.кз хостингі Вордпресс үшін жарамайды! WordPress MU үшін мүлдем жарамайды. Сондықтан алдағы уақытта сапалы сайт жасағыңыз келсе хостер.кз хостингін алмаңыз. Өзім қазір бұл хостерден көшіп жатырмын.

Вордпресстің кейбір плагиндері және скрипттер автоматты түрде бірнеше папка ашады. Яғни керек жерге 777 chmod көрсеткеннен кейін қалған папкалар автоматты түрде құрылуы тиіс. Бірақ Хостер.кз хостингінде олай емес, тек қана 1 папка ғана ашады ал қалғанын өзіңіз қолмен құруыңыз керек.
Айналмалы сурет немесе миниатюра шығаратын темалардың ішінде кэш (cache) папкасы болады. Миниатюра суреттер осы жерде жиналады. Хостер.кз хостингінде мындай қате бар:
- егер тема phpthumb қолданатын болса кэш папкасының көлемі ұлғая береді, 1 күнде 1 гигабайтқа да жетіп қалады. Қолмен өшіріп отырып отыру керек мұндай кезде.
- егер тема timthumb қолданатын болса миниатюра бастапқыда шығуы мүмкін, кейін шықпай қалады. Бұл жерде де кэшты тазалап отыру керек.

Маратхан кеше осындай мәселемен хабарласқасын осы тақырыпты жазуды жөн көрдім. Хостердың суппортына хабарлассаңыз қатенің сізде екенін айтады, скрипт дұрыс емес дейді. Ал басқа хостингтерге салсаңыз қатесіз істеп тұрады.

Ең дұрысы егер Вордпресс қолданамын десеңіз ДНР немесе Idhost-тан алыңыз.

Тегін хостинг керек болса Orgfree хостингын пайдалануыңызға болады, эксперименттер үшін керемет полигон.

Анекдоттар
Қар 23, 2009 - Аршат

Оспан Ерланов деген мазохист Абай кизет деген қиын навигациялы сайтты ерінбей ақтарып, мұң, зар, ыза толы қазақтың сорлы, бишаралығы туралы небір мәселелер туралы көлдей мақалаларды рахаттанып, кайф алып оқып отырған кезде қазаққа, қазақ тіліне еш қатысы жоқ, ешқандай мұң жоқ, мәселе жоқ, қарапайым мақала көріп қалып, кайфы бұзылып ішіп кетіпті.

***

Ерініп отырған бір министр байқамай өзінің блогына кіріп, байқамай сұрақ жіберіп алып, лезде жауап алыпты. Өзінен өзіне.

***

Артемий Лебедев қонаққа бара жатыр.
- Қатын менің ана CC0000 жемпірім қайда?
- Ол жемпірің жуылған жоқ, ана FF9900 жемпіріңді кие бер.

***

Екі вебқұрлысшының әңгімесі:
- Slaed ресми сайттарын өзгертіпті ғой.
- Қой ей! Жаңа тема қойған ба?
- Жоқ, WordPress-пен істепті.

***

Комментерде, форумда флуд істеп, смайлик тастап, тышып жүрген жас инет-дрочерді модератор ұстап алған кезде ана бишара *ұялғаннан жерге кіріп кететін* смайлик таба алмапты.

***

Бір мент өзіне сайт ашыпты, mail.ru-дан. Енді оның сайты бар.

***

Форумда модератор болып жүрген бір қызды қызғанған бір әнші қыз “сука, админмен жатқан шығар модер болу үшін” деп ойлапты. Ал шымкенттік бір олигарх баласын модератор қылып алсын деп әлі күнге дейін админге пара ұсынып жүр.

Ескерту: “АЙТи!” айдарындағы материалдар ІТ тақырыбында болғандықтан бронепоезда келе жатып және бастарына каска киіп алғандар бұған күліп-күлмеуі маңызды емес.

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым