»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Вордпресске хостинг
Қаң 19, 2010 - Аршат

Көптен бері Хостер.кз хостингін қолданып келемін. Технология дамыған сайын, оны қолдайтын, қолданушылар да дамитыны сөзсіз. Вордпресс жүйесі де қатты дамып келеді. Мүмкіндіктері де көп қазір. Жәй ғана блог емес үлкен жаңалықтар порталы да істеуге болады. Айналмалы суреттер көп қолданылады қазіргі Вордпресс шаблондарында. Міне осындай шаблон қолданғыңыз келген кезде сіздің хостингіңіз жарамай қалуы мүмкін. Жоғарыда айтып өткен Хостер.кз хостингі Вордпресс үшін жарамайды! Wordpress MU үшін мүлдем жарамайды. Сондықтан алдағы уақытта сапалы сайт жасағыңыз келсе хостер.кз хостингін алмаңыз. Өзім қазір бұл хостерден көшіп жатырмын.

Вордпресстің кейбір плагиндері және скрипттер автоматты түрде бірнеше папка ашады. Яғни керек жерге 777 chmod көрсеткеннен кейін қалған папкалар автоматты түрде құрылуы тиіс. Бірақ Хостер.кз хостингінде олай емес, тек қана 1 папка ғана ашады ал қалғанын өзіңіз қолмен құруыңыз керек.
Айналмалы сурет немесе миниатюра шығаратын темалардың ішінде кэш (cache) папкасы болады. Миниатюра суреттер осы жерде жиналады. Хостер.кз хостингінде мындай қате бар:
- егер тема phpthumb қолданатын болса кэш папкасының көлемі ұлғая береді, 1 күнде 1 гигабайтқа да жетіп қалады. Қолмен өшіріп отырып отыру керек мұндай кезде.
- егер тема timthumb қолданатын болса миниатюра бастапқыда шығуы мүмкін, кейін шықпай қалады. Бұл жерде де кэшты тазалап отыру керек.

Маратхан кеше осындай мәселемен хабарласқасын осы тақырыпты жазуды жөн көрдім. Хостердың суппортына хабарлассаңыз қатенің сізде екенін айтады, скрипт дұрыс емес дейді. Ал басқа хостингтерге салсаңыз қатесіз істеп тұрады.

Ең дұрысы егер Вордпресс қолданамын десеңіз ДНР немесе Idhost-тан алыңыз.

Тегін хостинг керек болса Orgfree хостингын пайдалануыңызға болады, эксперименттер үшін керемет полигон.

Хостинг деген не?
Қар 17, 2009 - Аршат

Әдетте сайтқа тапсырыс берушінің қоятын сұрақтарының бірі: “Хостинг деген не зат?”

Техникалық емес қарапайым тілде түсіндіріп көрейін. Мысалы сіз бір дүкен немесе бутик ашқыңыз келеді. Ашу үшін алдымен орын керек, яғни бір сауда орталығынан арендаға жер аласыз. Сол жер үшін ай сайын немесе жылына бір рет ақысын төлейсіз. Өйткені ол сіздің жұмыс орныңыз немесе заттарыңыз тұратын, сақталатын жер. Ол жердің үлкен бола ма кішкентай бола ма көлемін өзіңіз анықтап алып сәйкесінше жер іздейсіз. Егер болашақта сыймай бара жатса, кеңейту жолдарын іздейсіз. Хостинг те дәл сондай. Сіздің сайтыңыздың интернеттегі орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол информацияның қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді. Ақысын ай сайын немесе жылына бір рет төлейсіз. Хостинг пен қатар домен сөзін де естіген шығарсыз, бұл екеуі әдетте қатар жүреді. Домен ол сіздің сайтыңыздың атауы. Яғни сайтыңыздың атын тіркеуден өткізіп, бұл үшін де жылына бір рет ақшасын төлейсіз. Қазір көптеген хостинг компаниялары 12 айға хостинг ақысын төлесеңіз доменіңізді тегін тіркеп береді.

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым