»
С
О
Л

Ж
А
Қ

М
Е
Н
Ю
«
Вордпресске хостинг
Қаңтар 19, 2010 - Аршат

Көптен бері Хостер.кз хостингін қолданып келемін. Технология дамыған сайын, оны қолдайтын, қолданушылар да дамитыны сөзсіз. Вордпресс жүйесі де қатты дамып келеді. Мүмкіндіктері де көп қазір. Жәй ғана блог емес үлкен жаңалықтар порталы да істеуге болады. Айналмалы суреттер көп қолданылады қазіргі Вордпресс шаблондарында. Міне осындай шаблон қолданғыңыз келген кезде сіздің хостингіңіз жарамай қалуы мүмкін. Жоғарыда айтып өткен Хостер.кз хостингі Вордпресс үшін жарамайды! Wordpress MU үшін мүлдем жарамайды. Сондықтан алдағы уақытта сапалы сайт жасағыңыз келсе хостер.кз хостингін алмаңыз. Өзім қазір бұл хостерден көшіп жатырмын.

Вордпресстің кейбір плагиндері және скрипттер автоматты түрде бірнеше папка ашады. Яғни керек жерге 777 chmod көрсеткеннен кейін қалған папкалар автоматты түрде құрылуы тиіс. Бірақ Хостер.кз хостингінде олай емес, тек қана 1 папка ғана ашады ал қалғанын өзіңіз қолмен құруыңыз керек.
Айналмалы сурет немесе миниатюра шығаратын темалардың ішінде кэш (cache) папкасы болады. Миниатюра суреттер осы жерде жиналады. Хостер.кз хостингінде мындай қате бар:
- егер тема phpthumb қолданатын болса кэш папкасының көлемі ұлғая береді, 1 күнде 1 гигабайтқа да жетіп қалады. Қолмен өшіріп отырып отыру керек мұндай кезде.
- егер тема timthumb қолданатын болса миниатюра бастапқыда шығуы мүмкін, кейін шықпай қалады. Бұл жерде де кэшты тазалап отыру керек.

Маратхан кеше осындай мәселемен хабарласқасын осы тақырыпты жазуды жөн көрдім. Хостердың суппортына хабарлассаңыз қатенің сізде екенін айтады, скрипт дұрыс емес дейді. Ал басқа хостингтерге салсаңыз қатесіз істеп тұрады.

Ең дұрысы егер Вордпресс қолданамын десеңіз ДНР немесе Idhost-тан алыңыз.

Тегін хостинг керек болса Orgfree хостингын пайдалануыңызға болады, эксперименттер үшін керемет полигон.


15 пікір  
  • өрімтал:
    20 Қаңтар 2010 - 9:13

    Құнды кеңес! Рахмет. Кеше ғана хостингі қайдан алсам болады деп отыр едім ;)

  • Нұрғиса:
    20 Қаңтар 2010 - 12:42

    Әйтеуір бір жақсы нәрселер айтып отырған сияқтысың. Біз қолдаймыз!

  • Аршат:
    20 Қаңтар 2010 - 12:53

    Иә, Нұрғиса саған мұны түсіндіру қиын. бірақ ішің сезгендей жақсы нәрсе жазыр отырған сияқтымын :)

  • Problogger:
    20 Қаңтар 2010 - 14:09

    Негізінде Қазақстандық хостинг компанияларды қолдамаймын себептері көп!
    1 Егер сайтың немесе блогың дұрыс жұмыс жасамай қалса тез арада қабарласуың өте нашар
    2 Көптеген скрипттер жұмыс істемейді
    3 Ең маңыздысы Өте қымбат!!!
    Ал тегін хостинг ол керек емес нарселер.
    Ал Вордпресс.ком – ды пайдаланушылар көптеген қызықтардан құр қалуда
    Менің пайдаланып жүрген хостингім арзан әрі сапалы,
    осыны білгіңіз келсе немесе блогыңызға шаблог керек болса Аршат арқылы қабарласыңыз

  • Problogger:
    20 Қаңтар 2010 - 16:35

    Егер Сіз 10%-қ жеңілдікпен хостинг сатып алғыңыз келсе…

    Менің сізге өте керемет ұсынысым бар:

  • Serzha:
    20 Қаңтар 2010 - 21:37

    хостер.кз-да сервер қандай? терезелер ме, не никстер ме?
    ——-
    қазақша капча жасау мүмкін нәрсе ме?

  • Аршат:
    20 Қаңтар 2010 - 23:58

    жоқ терезелер емес, қазір көбісінде линукс хостинг қой. қазақша капча жағын білмедім.

  • Problogger:
    21 Қаңтар 2010 - 8:43

    қазақша капча жасауға болады Хостер.кз-да

  • Serzha:
    21 Қаңтар 2010 - 10:52

    2Problogger жалпы сұрағам, бола ма, болмай ма? өзім жасап қарайын деп едім, бірақ ештеңе шыққан жоқ одан

  • ProBlogger:
    21 Қаңтар 2010 - 12:39

    Мәләдес Сержа!!!

  • Serzha:
    21 Қаңтар 2010 - 23:27

    жасадым
    http://pics.kz/s2/3c/7d/44/bc/3c7d44bcbf2b58461487d4055a0e0865.gif
    бірақ кездейсоқ әріптерді қоймайды, ворд-листердегі сөздерді ғана

  • Maratkhan:
    25 Қаңтар 2010 - 11:32

    HosterKzның бір жақсы жері операторлары тез қимылдайды. Бизнес дұрыс жолға қойылған, счет алу, қызметті іске қосу барынша автоматтандырылған. Бірақ, техникалық қолдау алжып жатыр. Еш ескертпей, сайттардыңды бір серверден, екіншісіне аудара салады. Бұндай ауыстырулар кезінде қазақша харіптерің ?? белгілеріне айналып кетеді. Серверлерді кез-келген уақытта айыра салады. Әсіресе, түн орталарында, демалыс күндері код кеміріп жатқан кездегі кайфті бұзып жібереді. Артынан хабарлассаң, “қойщей, бізде ызбой болған жоқ” деп тұрады.

    IDHostKZ серверлері жақсы, Win-дегілерін қолданып көрмедім, Linux-тегі серверлерінен виртуалды хостинг алдым, керемет. Тез әрі арзан. Саппортта да білікті жігіттер отырады. Бір әтеген-айы, құжаттармен жұмыстың жолға қойылмағаны. Басқа қаладағыларын білмеймін, Атыраудағы жауаптылары тормоздау.

    Уордпресске ден қойғаныма көп болмаса да, түсінгенім, соңғы нұсқаларында РНР интерпретаторы мен MySQL базаларына қойылатын талаптар жоғарылап кеткен. Кейде Ресейлік хостерлер де тартпай қалып жатады. Олардың ішінен өзім қолданған ПетерХост қызметінің қымбат болса да өте сапалы екендігін айтқым келеді. Десек те, іргелі жобалар үшін қазақстандық хостерлермен жұмыс жасаған жөн. Заң жүзінде талап қою мүмкіндігіңіз болады.

  • Аршат:
    25 Қаңтар 2010 - 11:51

    Hoster.kz иә дұрыс айтасың документация жағынан жақсы. бірақ косяктарын мойындамайды ешқашан. ал Айдихосттың панелін түсіну қиын, әлі аударылмаған орысшаға. және файл менеджері қуады. негізі арзан хостингтен гөрі қымбат болса да жақсысын алған дұрыс. мен көргендерден Неолабстың хостингы жақсы, бірақ қымбат.

    Ps.kz қалай екен, көрген жоқсыңдар ма?

  • Хан-Дойбы:
    10 Наурыз 2010 - 1:26

    Ассалаумағалайкұм жігіттер !
    Мен жаңа ғана келіп отырмын, мына блогің жақсы екен.
    Ал сурақ…
    1. мен хостинг ті idhost.kz ден алып едім, меніңше жақсы сяқты. басқа қолданушлар барма? көзқарасыңыз?
    2. веб сайт программалары тек орыс тілінде ғана болады екен, ал қазақшасы жоқ ба? мысалы: joomla дегендей ! бар болса қайдан?

    Алла бүйртса http://www.handoiby.kz сайтын жасағалы отырмын, сіздерден көмек сұрай келуім мұмкін.

    Рахмет сіздерге ! Алла риза болсын баршамызға !

  • Аршат:
    10 Наурыз 2010 - 8:58

    idhost.kz қазір менің ойымша ең жақсысы. бағасы да арзан және Қазақтелекомдікі болғасын тез ашылады.

    Вордпресс және Джумлаға келетін болсақ, олардың интернетте қазақша нұсқалары жарияланбаған сияқты. әркім керегінше өздері аударып алады керек жерлерін.


Пікір жазу

»  Substance: WordPress   »  Style: Ahren Ahimsa
© Өзімнің блогым